Терапия бөлімшесі 20 төсек-орынға арналған. Бөлімше жаңа типті аурухананың 3-ші қабатында орналасқан. Онда 1, 2, 3 орындық палаталар бар. Сонымен бірге егу бөлмесі, асхана, аға медбике, бөлім меңгерушісі бөлмелері орналасқан. Ардагерлер, соғыс ардагерлеріне және мүгедектерге арналған палата да бар. Терапия бөлімінде гастроэнтерологиялық, кардиологиялық, кардиоревматикалық,
пульмонологиялық, гемотологиялық, жалпы терапиялық науқастар емделеді.
Бөлімшеге 1-ші санатты дәрігер кардиолог Айжарикова Бакыт Шалғынбайқызы менгерушілік етеді. Жұмыс өтілі - 27 жыл, аға медбике Жаксылыкова Райкул Утебаевна, жұмыс өтілі - 41 жыл. Бөлімшеде 1 санатты 5 медбике жұмыс істейді, 2 мейрбикенің маман сертификаты бар.
Барлық науқастарға 3 тәулік ішінде диагноз қойылады, ем алушыларға түскеннен кейін 20-30 мин ішінде ем басталады, әрі қарай емге түзетулер, қосымша мамандар кеңесі емдері қосылады.
2020 жылы бөлімде 4 оттегі концентраторы іске қосылды.
Кардиоревматикалық науқастарды тексеруде мына аппараттар арқылы тексеру жүргізіледі: ЭКГ, ЭХОКГ, СМАД, Холтер мониторы, УЗДГ, ИФА.
Пульмонологиялық науқастарға компьютерлік томография,
рентгенография, қақырық МБТ-ға, антибиотикке сезімталдығына тексеріледі. Гастроэнтерологиялық науқастарды тексеруде ФГДС, УЗИ, хеликобактерийге ИФА, асқазан рентгеноскопиясы пайдаланылады.
Сырқаттарға диагноз қоюда ФГДС, УЗИ, Rº графия, ЭКГ, ИФА, УЗДГ, Холтер мониторы, СМАД, компьютерлік томография тәсілдері кеңінен қолданылады.
Барлық науқастарды тексеруде клиникалық, биохимиялық сараптамалар, соның ішінде КШС, тропонин, электролиттер, КФК және серологиялық байқаулар пайдаланылады. Барлық науқастарға өзінің диагнозына байланысты физиопроцедуралар жасалады: УВЧ, Электрофорез, соққылы-толқынды терапия, ЕДШ (ЛФК), массаж, кварц, биоптрон, экран, ультратон, емдік ванналар, кедр бөшкесі, вибромассаж және т.б. Емдеу барысында стандарт бойынша жаңа технологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланылады.
Осы тексерулер мен емдеудің нәтижесінде науқастарға уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсетіледі.