Ақылы бөлімше
Сервистік бөліменің басты мақсаты - ауруханаға келген әрбір науқасқа сапалы әрі білікті мамандандарылған және заманауи технологиялар арқылы қызмет көрсету. Қазалы темір жол ауруханасының ақылы қызмет бөлімшесі 04.07.2007 жылдан бастап өз қызметін «Ақылы бөлім» болып бастады. Пациенттерді стационарға емдеуге жатқызу тәулік ішінде жүргізіледі. Емдеуге жатқызу күні түскен уақытына қарамастан емдік-диагностикалық ем-шаралар тағайындалады және емдәмдік тамақтандыру ұйымдастырылады. Барлық науқастарға өз диагнозына сәйкес физиопроцедуралар жасалады: ультражоғары жиілікті (УЖЖ-УВЧ), электрофорез, соққылы–толқындық терапия, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), массаж, кварц, «Биоптрон», «Экран», «Ультротон» жабдықтары арқылы ем, емдік ванналар қолданылады. Бұл тексерулер мен емдеу нәтижесінде науқастарға дер кезінде және сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Бөлімше қызметкерлері өз білім деңгейлерін ұдайы жетілдіріп тұрады. Бөлім қызметкерлері аурухананың дамуына барынша өз үлестерін қосуда. Ақылы бөлме 3 қабатты ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан. Науқастардың қолайлы емделуі үшін 1 орындық стандартты 2 палата және 2 адамдық 4 палата бар. Олар себізгімен, тазалық - торабымен, теледидармен, тоңазытқышпен жабдықталған және барлық палатада әжетхана орналастырылған, ыстық сумен жабдықталған. Барлық палаталар жарық, бөлмелердің бәріне пластикалық есік, терезелер орнатылып, едендері паркетпен жабылған. Көк тамырға және бұлшық етке егу үшін ем қабылдау бөлмесі бар. Ол барлық қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен жабдықталған. Емдеудің ең бір негізгі құрылымы дұрыс емдік тамақтану болып табылады. Оны аурухананың кәсіби аспаздары дайындайды. Науқастар асты әдемі, жарық, таза асханада қабылдай алады. Асханада ыстық су үнемі үзіліссіз ағып тұрады. Онда науқастарға арналған «Денсаулық дастарханы» деп аталатын диеталық тағамдар тақтасы бар. Емделушілерге қамқорлық көрсету бұл үлкен құрмет және жауапкершілік. Өз денсаулықтарын ауруханамыздың кәсіби мамандарына сеніп тапсырып, мыңдаған адамдар күн сайын денінің саулығына, болашақтағы еңбек қабілеттігіне деген сеніммен өмір сүреді. «Қазалы теміржол ауруханасы» ел талғамынан табылып жүрген іргелі мекеме. Нарықтың сынағынан сүрінбей өтіп, қалыптасуына бас дәрігердің сіңірген еңбегі ерекше. Ол «өзіне талап қоя білу, ұстамдылық пен мақсат қоюшылық – нағыз медициналық қызметкердің сапасын анықтайтын қасиеттер» - дейді. Мекеме табысының кепілі ұжымның жоғары кәсіби біліктілігі, қызметкерлер білімдерін жетілдіру, оның ішінде науқастарға деген мейірімділік пен қамқорлық қарым-қатынастың жасалуы екенін атап көрсетеді. Талмай ізденетін басшы өзгелерден де соны талап етеді. Ауруханадағы дәрігерлердің басым бөлігі жоғарғы және бірінші санатты болуы сөзіміздің дәлелі. Ақылы бөлімшеде: бірінші санатты невролог дәрігер Балдақов Нұрдаулет Серікұлы, Айжарикова Бақыт Шалғынбайқызы, бірінші санатты невролог дәрігер Өтеулі Шолпан Қарақұлқызы, бірінші санатты хирург-уролог дәрігер Жасанов Ерболат Ермекбайұлы, бөлім меңгерушісі дәрігер Ашикбаева Асия Алиханқызы. және Сейдахметова Перизат Сериккызы - Екінші санаттағы терапевт -инфекционист дәрігер. Бес мейіргер, олардың ішінде - Мусаева Хадиша Абди-Камаловна- жоғары санатты мейіргер ,Өтеп Мақпал -бірінші санатты мейіргер, Абилдаева Баян, Нарегеева Гулшат -екінші санатты медбике, Кезекші медбикелер: Оразхан Саяжан , Әміре Айзере . Орта жас буынды қызметкерлер қызмет атқарады. Кіші буын қызметкерлері жауапты аға тазалықшы ҚожахА, тазалықшылар Байназарова А, Көпбай А, Қалжанова Б, Здан А. бөлімнің және науқастардың жағдайына, тазалығына қызметік міндеттерін, тазалау жұмыстарын талапқа сай орындайды. Бөлімшеде терапиялық бейін бойынша жүрек-қан тамырлар ауруларын, асқазан, жүйке ауруларын жоспарлы емдеу, алдын-алу шаралары жүргізіледі.
|