Балалар бөлімшесі
Қазалы темір жол ауруханасының балалар
Балалар бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 1-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 12 төсек-орынға есептелген. Бөлімшеде 4 орындық 3 палата, 2 орындық 1 палата -реабилитация палатасы бар. Егу бөлмесі, асхана, ойын бөлмесі және ингаляция бөлмесі мен бөлім меңгерушісінің бөлмелері бар. Бөлімшенің негізгі мақсаты: бөлімшеге келген науқастарға жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсету, диагноздарын анықтап, стандарттарға сәйкес жоғарғы сапалы ем жасау,дәрігерлер мен мейіргерлердің білім дәрежесін шыңдау, этикадеонтологияны сақтай отырып халыққа арнайы көмек көрсетуді жақсарту. Бөлімше меңгерушісі жоғары санаттағы педиатр Байбазарова Шара Кәрібайқызы, жұмыс өтілі -32 жыл. Аға мейіргер Абдигаппарова Перуза Сайфуллақызы І-ші санатта жұмыс өтілі -31жыл Балалар бөлімі Ингаляция – жөтелді емдейтін ең мықты әдіс. Оны жасайтын аппарат – небулайзер деп аталады. Небулайзер – жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарындағы қабыну ошағына дәрілік затты жеткізеді. Бұл емдеу әдісі қақырықты шығарып, жөтелді емдеуге қабілетті. Ультрафиолет сәулесі - Жаңа туылған нәрестелердің физиологиялық сарғаюы. Жаңа туылған нәрестеде билирубин деңгейінің жоғарылауына байланысты көздің және терінің сарғыш түске боялуы. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы бар нәрестелерді жарықпен емдеуге болады, ол несеппен және нәжіспен жақсы шығарылады. Процедура барысында баланың көзі мықтап жабылуы керек. 1)Тіркелген балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді,профилактикалық шаралар кешенін өткізеді және ұйымдастырады. Дені сау балаларды динамикалық медициналық бақылайды. 2)Өкпені тиісінше кислород қосып желдету және организмнің тіршілік функцияларын қолдау (өкпені жасанды желдету аппаратының оңтайлы режимін және сәйкес параметрлерін орнату); 3)Баланың жағдайын мониторингтеу мен емдеу, аурудың асқынудағы ықтимал себептерін қарау, ауырсынуды бақылау, қызудың көтерілуін қарау, оттегі терапиясын жүргізу және дәрігердің берген ем шаралары бойынша орындалады. 4)Бөлімшеде оңалту палатасында санаторий түріндегі медициналық ұйымдардың қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту төсектеріде жүзеге асырылған Біздің оңалту орталығында бірнеше жылдан бері "Ана мен бала" бөлімі жұмыс істейді. Ата–аналар (аналар, әкелер, ата-әжелер) балаларымен 21 күн бірге тұрады, әлеуметтік-педагогикалық шараларға қатысады. Осыған сүйене отырып, осы бөлімде логопедиялық көмек ата-аналармен үнемі байланыста отырып бірге жұмыс жасалады. Оңалтуға келген балалардың көп жағдайда сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары басқа ақаулармен қатар жүретіндіктен, логопедиялық жұмыс күшейтілген күш-жігерді қажет етеді. Логопед келудің басында диагностикалық тексеруден өткізеді, содан кейін басқа мұғалімдермен бірге ата-аналармен әңгімелеседі және анамнестикалық мәліметтерді зерттейді, бөлім тәрбиешісіне балалардың сөйлеуін дамыту мәселелері бойынша кеңес береді. Ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, ойын және күнделікті жұмыс кезінде баланың мінез-құлқын бақылаудың маңызы зор.
|