Қабылдау бөлімшесі

Қабылдау бөлімшесі – аурухананың құрылымдық бөлімдерінің бірі. Бөлімшенің басты мақсаты – бөлімше қызметіне жүгінген науқастардың бәрін мүмкіндігінше ауруханаға жатқызу және ауруханаға жатпағандарға шұғыл медициналық көмек көрсету. Қабылдау бөлімшесі әрқашан аурухананың «алдыңғы шебі» болып табылады. Қызметкерлердің алдында сырқаттарға қымет көрсетудің сапасы мен медициналық көмектің тиімділігін арттыру міндеті тұр. Қабылдау бөлімшесі аурухана ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.


Бөлімшенің жауапты дәрігері Ырысбек Уәзірбекұлы ӘСКЕРБЕКОВ. Ол ІІ-ші санатты хирург дәрігер. Бөлімшеге жауапты мейірбике Рәш Әбжәмиқызы АЛМАҒАМБЕТОВА. Ол Түркістан медициналық училищесінің жалпы мейірбикелік бөлімін 1986 жылы үздік бітірп шыққан. Қазіргі таңда І-і санатты мейірбикенің еңбек өтілі – 35 жыл.

Бөлімшеде І-ші санатты 3 медбике, ІІ-ші санатты 5 медбике жұмыс істейді, 2 мейірбикенің маман серификаты бар. 5 тазалықшы және 1 күзетші еңбек етеді.


Қабылдау бөлімшесінде ҚР ДСМ-нің 12.09.2011 жылы шыққан «Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жұмыс атқарылады.


Қабылдау бөлімшесінің құрылымында:

1. тіркеу бекеттері (тіркеу бөлімі - дисетчерлік);

2. пациенттерді бақылауға арналған пост;

3. Диагностикалық палата;

4. Хирургиялық кіші операцияларға арналған және хирургиялық емдік шараларды жасауға арналған бөлме. Бөлме хирургиялық құрал-жабдықтармен және стерильді материалдармен қамтамасыз етілген.

5. Балаларды қабылдау бөлмесі.

6. Шұғыл түрде қабылдау бөлмесі. Бөлме электронды салмақ өлшегішімен бой өлшегішпен бірге, электрлік сорғымен, оттегі балоншасымен, «Невулайзер» аппаратымен, «Амбу» ауа қапшығымен және пульксометрмен жабдықталған.

Сондай-ақ бөлімшеде ЭКГ аппараты, дефибриллятор аппараты, кішігірім УДЗ аппараты, ЭХО-энцефалограф аппараты мониторымен бірге, SOS аппаратымен жабдықталған. Сондай-ақ ҚР ДСМ-нің 03.07.2012 ж №452 бұйрығына сәйкес «Анафилактикалық шок кезіндегі шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі», «Ауыр эклампсия, эклампсия кезіндегі шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі», «Акушерлік қан кетудегі шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі» талаптарына сәйкес, ОКС, анафилактикалық шокқа қарсы қобдишалармен жабдықталған.  

7. Жоспарлы қабылдау бөлмесі. Бұл бөлмеде ауруханаға жоспары түрде келген науқастар қабылданады. Сырқаттар компьютерде КМИС бағдарламасы бойынша тіркеліп отырылады.

8. Аса қауіпті ауруларға күмән болған кезде оқшаулау бөлмесі сырттан бөлек кіру есігімен, душ, әжетханамен жабдықталған.

9. Санитарлық тазалаудан өткізу бөлмесі. Мұнда ауруханаға түскен науқастардың жеке бас тазалығы қаралып, педикулезге тексеріліп, қажет жағдайда олар душ, ванна қабылдайды. Бұл бөлме орталықтандырылған ыстық және салқын сумен қамтамасыз етілген.

10. Қабылдау бөлімшесінің қасында жедел-жәрдем бөлімшесі орналасқан. Оның құрамында: дәрігер, фельдшер, диспетчер жұмыс істейді. Шақыртулар «КӨМЕК» бағдарламасы арқылы қабылданып, тіркеліп отырылады.

Жедел түрде жатуға тиіс науқастар тәулік бойына еш кідіріссіз қабылданады. 

Жоспарлы науқастар – жұмыс уақытында қабылданып, ауруханаға жатқызылады.


«Жедел жәрдем» қызметі қабылдау бөлімшесіне науқасты жеткізгеннен кейін кезекші мейіргер медициналық көрсетілімдерді ескере отырып, түскен сырқаттарды топтарға бөледі (Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу). Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу үздіксіз және сабақтастықпен жүргізіледі. Бір пациенттің жағдайын бағалау процесі 60 секундтан аспайды. Бағалау аяқталғаннан кейін пациенттер арнайы түрлі-түсті бирка немесе түрлі-түсті лента түріндегі іріктеу санатының бір түсімен белгіленеді. Медициналық іріктеуге сәйкес пациенттер шартты түрде 3 топқа бөлінеді:

- бірінші топ (жасыл аймақ) – медициналық көмекті аздап қажет ететін және одан әрі амбулаториялық емделу үшін үйіне жіберілген пациенттер мен жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер.

- екінші топ – (сары аймақ) -  қабылдау бөлімшесінде төсекте жатқан шұғыл немесе кезек күттірмейтін көмек көрсетуді қажет етпейтін (немесе қабылдау бөлімшесінде бірнеше сағатқа бақылауға қалдырылған пациенттер), сондай-ақ диагнозын нақтылау мен саралауға қалдырылған пациенттер;

- үшінші топ (қызыл аймақ) – қабылдау бөлімшесінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер.

Триаж жүйесінің медициналық іріктеу нәтижелері бойынша пациент дәрігердің қарап-тексеруі үшін қабылдау бөлімшесінің тиісті аймағына жіберіледі.

Ауыр жағдай келіп түскен науқастар үшінші топ қызыл аймаққа өткізіліп, сол жерде алғақы медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақталғаннан кейін пациент бейінді бөлімшеге емделуге жатқызылады.

Пациентті стационарға емдеуге жатықызғаннан кейін мейіргер №175/2020 бұйрықпен бекітілген 001/е нысаны бойынша стаицонарлық науқастың медициналық картасын толтырады және пациентті бейінді бөлімшеге алып жүреді. 

Стационарға емделуге көрсетілімдер болмаған жағдайда қабылдау бөлімшесінің дәрігері пациентке қарап-тексеру, консультация беру және диагностикалық зерттеулер нәтижелерін көрсетумен бірге қабылдау бөлімшесінде болуы туралы қорытындыны және одан әрі МСАК жағдайында емделу туралы нұсқаулықтар береді. Бір уақытта мейіргер МСАК ұйымының тіркеу бөліміне пациенттің жағдайы туралы хабарлама жібереді және учаскелік дәрігерге №175/2020 бұйрықпен бектіліген №110-1/е нысан бойынша белгі парағын тағайындайды. Науқастың диагнозы анқыталғаннан кейін бойы, салмағы өлшеніп, санитарлық тазалаудан өткізіліп бөлімшеге жеткізіледі.


Ауруханада емделіп жатқан науқастармен туыстарының кездесу уақыты:


11.00 – 13.00 – Кездесу

15.00 – 17.00 – Түскі үзіліс

17.00 – 19.00 – Кездесу.

Барлық бөлімдермен тікелей хабарласатын ішкі және сыртқы телефондар бар. Ауруханаға жедел түрде түскен науқастар аурухананың 2-ші және 3-ші қабатына арнайы лифтпен жеткізіледі. 

5-02-2021, 23:20
8 402 просмотров
Нашли ошибку?