Ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары

Қазалы теміржол ауруханасы жанындағы емхананы қазіргі таңда Ана мен бала бөлімінің меңгерушісі Елубаева Жанагуль Саркытовна   басқарады. Ол еңбек өтілі 28 жылдан астам, екінші санатты бала дәрігері. Тұрғындардың   денсаулығын нығайтуға, денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосуда. Сонымен қатар ұжымдастар арасында дәрігерлер мен мейірбикелерге өз білгенін үйретіп отырады.

26-02-2021, 10:00

Емхана сыртқы көрінісі

Емхана сыртқы көрінісі
25-02-2021, 09:50

Емхана медицина қызметкерлері

Емхана медицина қызметкерлері
25-02-2021, 09:47

ЛОР дәрігері

Қазалы теміржол емханасында ЛОР бөлмесі жұмыс істейді. Бұл бөлмеде науқастарды қабылдаумен қатар теміржол саласындағы қызметкерлері ай сайынғы кезекті профилактикалық байқаудан өткізіледі. Бұл бөлмеде сонымен қатар науқастарға кіші операциялар: гаймор қуыстарын тесу, ЛОР органдарының абсцесстерін тіліп ашу, мұрын қуыстарының полипотомиясы, есіту жолын жуу және т.б. емдік шаралар атқарылады. Сонымен қатар кабинетте аудиометрия аппараты: «Diagnostic Audiometer AD 229 b» бар. Аппараттың қызметі есіту қабілетінің нашарлауын анықтап, дер кезінде диагноз қою. Аппаратпен Уалиева А.У. жұмыс істейді.  

ЛОР кабинеті күніне 15 – 20 науқасты қабылдап, емдік процедуралар жүргізеді. Қазіргі таңда ЛОР бөлмесінде 2-ші санатты дәрігер оториноларинголог Тақтаболатұлы Қуаныш, еңбек өтілі - 8 жыл, мейірбике Уалиева Айгүл Мамайқызы жұмыс істейді, еңбек өтілі - 26 жыл.
 ЛОР дәрігері Қуаныш Тақтаболатұлы 1988 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. 

2006 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 2006 жылы Алматы  қаласындағы Қазақстан – Ресей медицина университетіне «емдеу ісі» факультетіне конкурс негізінде оқуға түсіп, оны 2012 жылы хирургия мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2012 – 2013 жылдары Қазақстан – Ресей медицина университетінде хирургия мамандығы бойынша интернатураны бітіріп дәрігер хирург мамандығын алды. 

2013 ж «хирург» мамандығы бойынша тестілеу орталығында дәрігерлік тестілеуден өтіп, сертификат иеленді. Одан соң Қазалы ауданындағы «Қазалы темір жол ауруханасы» ЖШС-не хирург дәрігер болып жұмысқа орналасты. 2013 ж ҚОФ ЖШС «Республикалық дипломнан кейінгі білім беру институтында» «оториноларинголог» мамандығы бойынша біліктілігін көтерді. Қазіргі кезде «Қазалы темір жол ауруханасы» ЖШС-де хирург, оторинолоринголог дәрігері болып қызмет етуде.

22-02-2021, 21:24

Көз кабинеті

Қазалы теміржол емханасында көз кабинеті үздіксіз қызмет атқарып келеді. Көз бөлмесі науқастардың көзінде көз қан қысымы жоғары, басталып келе жатқан катаракта, көзден жарақат алған, көздері қашықтан және жақыннан нашар көретін науқастарды, сонымен қатар балаларды да есепке алу, бақылау және әр тоқсанға дәрігер қарауына шақыру, науқастарды қарап "Д" есепке алу,  емдеу жұмыстарын атқарады. Кіші операциялық манипуляциялар жасалады. 

Келген науқастарға жас шамасына қарай көз әйнекке рецепт жазып беру, «Diathera» аппаратымен көз қан қысымын өлшеу, офтальмоскоп аппаратымен көз түбін (КНД) қарау, Сивцев кестесімен қашықтан көз көру қабілетін тексеру жұмыстары жасалады. 

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің №145 бұйрығына сәйкес жас ерекшеліктеріне байланысты глаукома ауруының алдын алу, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, скрининг жүргізіледі. 

Санитарлық ағарту жұмыстары атқарылады: лекциялар оқылады, әңгімелер жүргізіледі, санбюллетеньдер шығарылады. 

Көз бөлмесінде бірінші санаттағы көз дәрігері Жадырасын Берік Балдақұлы  2007 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі - 14 жыл. Көз бөлмесінің мейірбикесі Жаңыл Күзембай жұмыс істейді.
19-02-2021, 22:07

Невропатолог дәрігер

Неврологиялық кабинет теміржол емханасында орналасқан. Кабинет түрлі үнпарақтармен безендірілген. Кабинетте «Денсаулық бұрышы», «Инсульттің алдын алу туралы» ақпарат, «Бел омыртқаның иілуіне және қатаюына арналған жаттығулар», «Инсульттан кейінгі емдік шара туралы» және басқа да көрнекті құралдар ілінген.
 Кабинетте 
I санатты дәрігер Өтеулі Шолпан Қарақұлқызы 2011 жылы аймақтық терапевт, 2013 жылдан  бастап невропатолог қызметін атқарып келеді. Еңбек өтілі - 10 жыл. Ізбасқан Бақыткүл Алтынбекқызы 1996 жылдан бастап жүйке аурулар кабинетінде мейірбике болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі - 25 жыл.
 
Ауырып келген науқастарға кеңестер айтылып, ем беріледі. Күніне дәрігерлік бақылаудан 30-дай науқас өтеді, ауырып көрінгендер саны 15, қайта келіп көрінгендер саны - 15. Невропатолог кеңесіне жүгініп келгендер 15ей науқас. Келген науқастарға кеңестер беріліп, аурудың түріне қарай ем тағайындалады. Кабинетте салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жемісті қызметтер атқарылады.

17-02-2021, 22:04

Кардиолог дәрігер

Ақбергенова Үміт  Қазалы ауданында  1988 жылы дүниеге келген. Жанқожа батыр ауылындағы №94 орта мектепте 1995-2006 жылдары оқып, 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне «емдеу ісі» мамандығы бойынша грант иегері атанып, 2012 жылы «терапия» маманды бойынша бітірген. 

2012-2013 жыл аралығында облыстық көпбейінді аурухананың «кардиология» бөлімінде дәрігер-интерн болып жұмыс атқарған. 

06.08.2013 жылдан  бастап  Қазалы теміржол ауруханасына аймақтық  дәрігер-терапевт ретінде жұмысқа қабылданған.

2018 жылдан бастап күндізгі стационар дәрігері болып жұмыс істеп, 2020 жылы «кардиология» мамандығы бойынша сертификат алған. Сол жылдың  қазан айынан бастап, кардиолог дәрігер ретінде қызмет атқарып келеді.

Емхана бөлімінің кардиология кабинетінде науқастарды қабылдап, электрокардиограмма оқып, ауырып келген адамдарға кардиолог кеңесін жүргізеді және де «велоэргометрия» аппаратымен жұмыс істеу дайындығында жүр.

17-02-2021, 11:48

Емхананың УДЗ (УЗИ) дәрігері

Қазалы теміржол емханасындағы УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ КАБИНЕТІ 

мынадай қызметтер көрсетеді:

АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ( бауыр өт жолдары, асқазан, ұйқы безі, талақ, ішек);

- ЖҮРЕК - ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ (Эхокардиография - жүрек удз-ы, мойын қан тамырлары – брахоцефальдық діңгек);

- ЗӘР- ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ ( бүйрек, бүйрек үсті безі, несепағар, қуық, қуық асты безі);

- ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕНІ ЗЕРТТЕУ (қалқанша без, жатыр, аналық бездер, лимфа бездері)

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРУ (плевра қабаты);

-  I - II – III-ші  ЖҮКТІЛІК КЕЗЕҢДЕРІ (ұрықтың ерте кезеңдегі ақаулары және т.б.)

қызмет түрлері бойынша Қазалы ауданы және облыс тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келеді. 

Ультрадыбыстық зерттеу кабинеті соңғы үлгідегі түрлі- түсті «Philips ClearVue 550», «Philips HD7» аппараттарымен жабдықталған.  

Ультрадыбыстық зерттеу жүргізу алдын ала ішкі ағза мүшелеріндегі ерте және асқыну кезеңіндегі ауруларды ерте анықтауға, асқынуға жол бермеуге және де басқа медициналық жолмен анықтауға мүмкін болмаған белгісіздік жағдайындағы шағымдарды анықтауға үлкен мүмкіндік береді. 

Ультрадыбыстық зерттеу кабинетінде 2014 жылдан бастап 1-ші санатты дәрігер Сырымбаев Наурызбек Утебалиевич тұрғындарға жайлы қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар кабинетте мейірбике Тлеумбетова Айгерим Мирзабаевна жұмыс істейді. 





12-02-2021, 21:57

Емхананың тіркеу орны (регистратура)

Емхананың жұмысы тіркеу бөлімінен басталады, оның жұмыс уақыты 08.00-ден 20.00-ге дейін. 

Емханада әрдайым пациенттер ағынын бөлу ұйымдастырылды. Тіркеу орындары барлық жағынан барынша қол жетімділікті қамтамасыз ете отырып, шыны қалқаларсыз "келушіге жақын" қағидаты бойынша жабдықталған.

Емделушілерге ыңғайлы болу, кезектілікті төмендету үшін дәрігерге жазылудың барлық тәсілдері енгізілді (көп арналы телефон байланысы және өзін-өзі хабарлауы. Себебі емхана егде жастағы тұрғындарға да қызмет көрсетеді. Ілгері басқан, жас тұрғындар үшін жазылу портал арқылы қолжетімді egov.kz; порталға тікелей шығатын емхана сайты арқылы egov.kz және "DamuMed" мобильді қосымшасы арқылы.

Емханада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құрылған -пандустар мен санитарлық тораптар жабдықталған. Арнайы ақпараттық белгілері мен дыбыс сигналы бар шақыру түймелері бар. Тіркеу орнында мүмкіндігі шектеулі адамдардың жүріп-тұруына арналған мүгедектер арбалары, таяқтар бар. 

Емхананың тіркеу орнында 3 мейірбике жұмыс істейді. 

Олар: Ешмуратова Кулмарам – ІІ санатты мейірбике. Жұмыс өтілі – 35 жыл. 

Қаниева Шамшагул, жұмыс өтілі – 39 жыл

Рыстыгулова Миуа, жұмыс өтілі – 39 жыл.

   

 


10-02-2021, 21:47

Стоматологиялық бөлімше

Қазалы темір жол емханасында стоматологиялық тіс емдеу кабинеті қызмет атқарып келеді. Тіс емдеудің беткей тіс жегісіннен бастап,орташа,терең кариестер, тіс ұлпасының қабынуы, тіс түбірінің асқынуы сияқты ауруларды емдеп, қызыл иек ауруларын (гингивит, пародонтит, пародонтоз, хейлит, глоссит және т.б.) емдеуде. Сонымен қатар шырышты қабыну ауруларын  емдеу жұмыстарын атқарады.

2014 жылдың қыркүйек айыннан бастап біздің емханада балалар стоматологиясы мен жүкті әйелдердің ауыз қуыс ауруларын емдеу  жұмыстары атқарылуда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 145 бұйрығына сәйкес жас ерекшеліктеріне байланысты ауыз қуысы ауруларының алдын алу және дер кезінде профилактикалық ем жүргізу мақсатында скрининг жүргізіледі. Ауыз қуысы тазалығын, тіс жуу ережелерін үйрету және өз аймақтарымызға тиісті мектептерде сабақтар, дәрістер жүргізіледі.

Стоматология кабинеті қазіргі жағдайда жаңа үлгідегі 2020 жылы жасап шығарылған жапондық  "ajax" стоматологиялық аппаратымен жұмыс істейді.

Стоматология кабинетінде 1-ші санаттағы дәрігер-стоматолог Тілеуқабыл Тұрсынкүл Үйсінқызы 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі - 14 жыл.

Стоматология бөлімше үш кабинеттен тұрады.

1. Терапиялық кабинет (емдеу кабинеті)

2. Хирургиялық кабинет (тіс жұлу)

3. Ортопедиялық кабинет (тіс салу).

Терапиялық кабинетте 1-ші санатты дәрігер Тілеуқабыл Тұрсынкүл Үйсінқызы жұмыс істейді.

Хирургиялық кабинетте 1-ші санатты дәрігер Топаев Нүралы Сүйеубайұлы жұмыс істейді.

Хирургия бөлімшесінде шет елдік дәрілермен егу арқылы тіс жұлудан бөлек, амбулаториялық операциялар жасалады және жақ сынығына иммобилизиация жасайды.

Ортопедиялық кабинетте (жасанды тіс салу) 1-ші санатты Топаев Нүралы Сүйеубайұлы және  тіс техник Ешимов Нұрдаулет Шайқысыламұлы жұмыс істейді.

Жасанды тіс салу кабинетінде соңғы үлгідегі метало-керамика, металло-пластика және жұмсақ протездер жасалады.




10-02-2021, 21:41