ЛОР дәрігері

Қазалы теміржол емханасында ЛОР бөлмесі жұмыс істейді. Бұл бөлмеде науқастарды қабылдаумен қатар теміржол саласындағы қызметкерлері ай сайынғы кезекті профилактикалық байқаудан өткізіледі. Бұл бөлмеде сонымен қатар науқастарға кіші операциялар: гаймор қуыстарын тесу, ЛОР органдарының абсцесстерін тіліп ашу, мұрын қуыстарының полипотомиясы, есіту жолын жуу және т.б. емдік шаралар атқарылады. Сонымен қатар кабинетте аудиометрия аппараты: «Diagnostic Audiometer AD 229 b» бар. Аппараттың қызметі есіту қабілетінің нашарлауын анықтап, дер кезінде диагноз қою. Аппаратпен Уалиева А.У. жұмыс істейді.  

ЛОР кабинеті күніне 15 – 20 науқасты қабылдап, емдік процедуралар жүргізеді. Қазіргі таңда ЛОР бөлмесінде 2-ші санатты дәрігер оториноларинголог Тақтаболатұлы Қуаныш, еңбек өтілі - 8 жыл, мейірбике Уалиева Айгүл Мамайқызы жұмыс істейді, еңбек өтілі - 26 жыл.
 ЛОР дәрігері Қуаныш Тақтаболатұлы 1988 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. 

2006 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 2006 жылы Алматы  қаласындағы Қазақстан – Ресей медицина университетіне «емдеу ісі» факультетіне конкурс негізінде оқуға түсіп, оны 2012 жылы хирургия мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2012 – 2013 жылдары Қазақстан – Ресей медицина университетінде хирургия мамандығы бойынша интернатураны бітіріп дәрігер хирург мамандығын алды. 

2013 ж «хирург» мамандығы бойынша тестілеу орталығында дәрігерлік тестілеуден өтіп, сертификат иеленді. Одан соң Қазалы ауданындағы «Қазалы темір жол ауруханасы» ЖШС-не хирург дәрігер болып жұмысқа орналасты. 2013 ж ҚОФ ЖШС «Республикалық дипломнан кейінгі білім беру институтында» «оториноларинголог» мамандығы бойынша біліктілігін көтерді. Қазіргі кезде «Қазалы темір жол ауруханасы» ЖШС-де хирург, оторинолоринголог дәрігері болып қызмет етуде.

22-02-2021, 21:24
3 386 просмотров
Нашли ошибку?