Қазалы теміржол емханасында көз кабинеті үздіксіз қызмет атқарып келеді. Көз бөлмесі науқастардың көзінде көз қан қысымы жоғары, басталып келе жатқан катаракта, көзден жарақат алған, көздері қашықтан және жақыннан нашар көретін науқастарды, сонымен қатар балаларды да есепке алу, бақылау және әр тоқсанға дәрігер қарауына шақыру, науқастарды қарап "Д" есепке алу, емдеу жұмыстарын атқарады. Кіші операциялық манипуляциялар жасалады.
Келген науқастарға жас шамасына қарай көз әйнекке рецепт жазып беру, «Diathera» аппаратымен көз қан қысымын өлшеу, офтальмоскоп аппаратымен көз түбін (КНД) қарау, Сивцев кестесімен қашықтан көз көру қабілетін тексеру жұмыстары жасалады.
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің №145 бұйрығына сәйкес жас ерекшеліктеріне байланысты глаукома ауруының алдын алу, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, скрининг жүргізіледі.
Санитарлық ағарту жұмыстары атқарылады: лекциялар оқылады, әңгімелер жүргізіледі, санбюллетеньдер шығарылады.
Көз бөлмесінде бірінші санаттағы көз дәрігері Жадырасын Берік Балдақұлы 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі - 14 жыл. Көз бөлмесінің мейірбикесі Жаңыл Күзембай жұмыс істейді.