Емхананың медициналық статисті

Емхананың негізгі міндеті - теміржолшылар мен олардың отбасына, зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету. Жалпы медициналық көмек көрсету мен профилактикалық жұмыс атқару Сексеуіл-Жосалы аралығындағы елді мекен тұрғындарын қамтиды.

Емхана бір күнде 300-350 адамға дейін қабылдай алады.

Бүгінгі таңда 1 қаңтар 2021 жыл қарсаңындағы халық саны - 20980, оның ішінде балалар - 6001, ересектер – 14196 және жасөспірімдер – 783.

Емхана бөлімінің медстатистері емхана бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептер дайындап, аудандық, облыстық денсаулық басшылығына тапсырып отырады.

Көктем, күз айларында халық санағын есептейді, туу көрсеткіші, өлім көрсеткішін дайындайды. Күнделікті қайтыс болғандарды РПН порталына, жүрек қан айналымы сырқаттарынан қайтыс болғандарды БСК порталына салады.

Диспансерлік науқастардың қозғалысына талдау (анализ) жасайды. Күндізгі аурухана есебін, флюорография жоспарының орындалуы, келіп көріну көрсеткіші, аурушаңдық көрсеткіші, күнделікті медициналық тексеру, халықтар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді.

Емхана мед статисті - Шагирбаева Жанат Турмахановна. Ол 1991 жылы Ақтөбе медициналық училищесін бітірген. I-ші санатты мейірбике.

10-02-2021, 21:26

Әйелдер кабинеті

Әйелдер кабинеті
10-02-2021, 13:40

Процедуралық кабинет

Қазалы теміржол емханасының емдік шара бөлмесі үздіксіз қызмет атқарып келеді. Емдік шара бөлмесі барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бөлмеде пациенттер аймақтық дәрігерлердің нұсқауымен берілген дәрілерін алып отырады. Аймақтық дәрігерлер нұсқаған емдік шараларды КМИС бағдарламасы бойынша, дер кезінде салып отырады.

Санитарлық ағарту жұмыстары атқарылады. Лекциялар оқылады, әңгімелер жүргізіледі. Емдік шара егу бөлмесінде бірінші санаттағы мейірбике Менешова Жанымкүл Қуанышбайқызы 1988 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Еңбек өтілі - 33 жыл.



10-02-2021, 13:36

Дәрігерге дейінгі кабинет

Қазалы теміржол емханасының дәрігерге дейінгі бөлмесінде, «Халықтың жекелеген санаттарын алдын алу-медициналық тексерілуін ұйымдастыру туралы» 30-10-2020 жылғы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №174 бұйрығына сәйкес, глаукома ауруының алдын алу мақсатында «Diathera» аппаратымен көзішілік қысым өлшенеді. Көзішілік қысым жоғары болған жағдайда көз дәрігеріне жолданып, есепке алынады. Бой ұзындығы мен дене салмағын өлшеу арқылы Кетле индексі арқылы артық салмағы тексеріледі. Артық салмақ табылған жағдайда есепке алынып, әрі қарай мамандарға жолданады.

Қан  құрамындағы қант деңгейі АTCare құралымен тексеріледі, қан құрамындағы қант деңгейі жоғары болған жағдайда есепке алынып, әрі қарай мамандарға жолданады.

ЭЭГ аппаратымен жолдамамен келген науқастар түсіріледі. Спирограф  аппаратымен демікпе ауруымен жолданған науқастар тексеріледі. Тіркелген азамат, азаматшалардың жас шамасына сәйкес қан қысымы тексеріліп КМИС бағдарламасы бойынша   компьютерге енгізіледі. 

Дәрігерге дейінгі бөлмеде бірінші санаттағы фельдшер Альжанова Гульбану Махамбетжанқызы 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі - 31 жыл.



10-02-2021, 13:33

«Инсульт оңалту» орталығының логопеді

«Инсульт оңалту» орталығының логопед маманының жұмысының негізгі бағыттары:

* Логопедиялық және зондтық уқалау.

* Дыбыс шығару ақаулары түзету жүргізеді.

* Инсультта, бас-сүйек ми зақымданғанда (афазия, дизартрия) сөйлеуді қалпына келтіреді.

* Кекештікті түзету және т.б.

Кабинетте ұсақ бұлшықеттерге арналған, күшін қалпына келтіру жабдықтары, ұсақ саусақ моторикасын дамытатын және оны үйлестіретін, басқаруды қалпына келтіретін бұйымдар бар.

Логопед маманы болып Бирашова Гулдана Бекетқызы жұмыс істейді.


 
9-02-2021, 21:53

Физиотерапевтік кабинет және массаж

Қазалы теміржол емханасының физиотерапевтік кабинеті келген науқастарға ауруларының түрлеріне қарай түрлі аппараттармен ем жүргізіледі.

Сонымен қатар массаж қызметі де атқарылады.

Кабинетте физиотерапевт-дәрігер Тәжібаев Ғалымжан Темірбекұлы, мейірбике Күнбергенова Ұлзира және массаж мейірбикесі Есбергенова Гүлбаршын жұмыс істейді. 






9-02-2021, 21:16

Емхананың жаңа ғимараты

  Емхананың жаңа ғимараты
9-02-2021, 14:31

Емхананың сыртқы көрінісі

Емхананың сыртқы көрінісі
9-02-2021, 14:26

Қазалы ст. локомативтік бригадалары қызметкерлерін рейс алдындағы медициналық тексеру пункті

Қазалы ст. локомативтік бригадалары қызметкерлерін рейс алдындағы медициналық тексеру пункті


Локомотив бригадаларының медициналық тексеру пункті санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін екі мекен-жайдан тұрады. Локомотив депосының аумағында, ғимараттың бірінші қабатында және депо бойынша кезекші кабинетіне тікелей жақын жерде орналасқан. Депо бойынша кезекшімен және локомотив бригадаларының нарядымен байланысатын телефонмен жабдықталған. Кабинет жиһазбен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бекетте 1-ші санатты 1 фельдшер, 2-ші санатты 3 фельдшер жұмыс істейді.

Локомотив бригадасының барлық мүшелері бір мезгілде келгенде және олар маршруттық қағазды көрсеткен кезде ғана рейс алдындағы тексеру жүргізіледі. Локомотив бригадалары қызметкерлерінің функционалдық көрсеткіштерін медициналық тексеру және өлшеу атқарылады. Шағымдары, сыртқы көріністі тексеру, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы және сенсорлық реакциялардың жеткіліктілігі ескеріледі, қан қысымы, жүрек соғу жиілігі анықталады. Локомотив бригадалары алкогольдік ішімдіктер ішуге және "алкотест-203" аспабымен есірткі заттарын тұтынуға тексеруден өтеді. ИХА-5-мультифакторлық тест арқылы тексерістен өткен адамның есірткі заттарын қолдануын анықтайды, қызметкерлер арнайы жолақтың көмегімен тексеріледі.

Ай сайын фельдшерлер артериялық гипертензияның алдын алу тақырыбында әңгіме өткізеді. Фельдшерлер тексеру сапасы және локомотив бригадалары қызметкерлерінің жұмысқа жарамдылығы туралы қорытынды беруге жауапты болады.

9-02-2021, 14:06