Емхананың негізгі міндеті - теміржолшылар мен олардың отбасына, зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету. Жалпы медициналық көмек көрсету мен профилактикалық жұмыс атқару Сексеуіл-Жосалы аралығындағы елді мекен тұрғындарын қамтиды.
Емхана бір күнде 300-350 адамға дейін қабылдай алады.
Бүгінгі таңда 1 қаңтар 2021 жыл қарсаңындағы халық саны - 20980, оның ішінде балалар - 6001, ересектер – 14196 және жасөспірімдер – 783.
Емхана бөлімінің медстатистері емхана бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептер дайындап, аудандық, облыстық денсаулық басшылығына тапсырып отырады.
Көктем, күз айларында халық санағын есептейді, туу көрсеткіші, өлім көрсеткішін дайындайды. Күнделікті қайтыс болғандарды РПН порталына, жүрек қан айналымы сырқаттарынан қайтыс болғандарды БСК порталына салады.
Диспансерлік науқастардың қозғалысына талдау (анализ) жасайды. Күндізгі аурухана есебін, флюорография жоспарының орындалуы, келіп көріну көрсеткіші, аурушаңдық көрсеткіші, күнделікті медициналық тексеру, халықтар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Емхана мед статисті - Шагирбаева Жанат Турмахановна. Ол 1991 жылы Ақтөбе медициналық училищесін бітірген. I-ші санатты мейірбике.