Ақбергенова Үміт Қазалы ауданында 1988 жылы дүниеге келген. Жанқожа батыр ауылындағы №94 орта мектепте 1995-2006 жылдары оқып, 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне «емдеу ісі» мамандығы бойынша грант иегері атанып, 2012 жылы «терапия» маманды бойынша бітірген.
2012-2013 жыл аралығында облыстық көпбейінді аурухананың «кардиология» бөлімінде дәрігер-интерн болып жұмыс атқарған.
06.08.2013 жылдан бастап Қазалы теміржол ауруханасына аймақтық дәрігер-терапевт ретінде жұмысқа қабылданған.
2018 жылдан бастап күндізгі стационар дәрігері болып жұмыс істеп, 2020 жылы «кардиология» мамандығы бойынша сертификат алған. Сол жылдың қазан айынан бастап, кардиолог дәрігер ретінде қызмет атқарып келеді.
Емхана бөлімінің кардиология кабинетінде науқастарды қабылдап, электрокардиограмма оқып, ауырып келген адамдарға кардиолог кеңесін жүргізеді және де «велоэргометрия» аппаратымен жұмыс істеу дайындығында жүр.