Филиал 2012 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Бөлімше бір қабатты ғимараттан тұрады. Бөлімшеде 3 балаларды қабылдау аймақтық кабинеті, 1 егу бөлмесі, «Невулайзер» аппараты, бумен емдеу бөлмесі, 1 тіркеу орны бар. Бөлімшеде «Денсаулық кодексі», «Дені сау баланы тамақтандыру», «Аналарға кеңес», «Баланы ана сүтімен тамақтандыру туралы» ережелер ілінген.
Бөлімшеде 3 аймақтық дәрігер, әрбір аймақта 2 мейіркештен, 1 егу бөлмесінің мейірбикесі жұмыс істейді. Жедел түскен науқастар шұғыл қаралып, қажетті көмек көрсетіледі. Науқас балаларға мамандар кеңесі жасалып, лайықты емдер қосылады. Дәрігердің нұсқауы бойынша «Невулайзер» аппаратымен ем жасалады. Аптасына 2 рет ана мен балаға әңгіме-кеңес жүргізіледі.
Бөлімше қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстана отырып адал қызмет атқаруда.