Емдік ванна қабылдау бөлмелері
12-06-2014, 00:38
Автор: kazaly

Сумен емдеу бөлімінде 4 ванна, 3 себізгі кабинасы, 2 джакузи орналасқан. Іші таза, жарық, демалатын, сусын ішетін орны бар. Ерлерге және әйелдерге арнайы жеке бөлмелер қарастырылған.
Әр түрлі емдік шөптер мен тұздардың түрлері бар: қылқанжапырак, шатыраш, қалақай, жасмин, түймедақ, итошаған, йод-бромды, теңіз тұзы. Олардың қабынуға қарсы, тыныштандыратын және сергітетін әсері бар, ұйқыны жақсартады, шаршағанды басады, жүйкенің асқан қозуын түсіреді.
Теріні жақсартып, оның тонусын көтеріп, қартаю үрдісінің алдын алады. Аяқты бұлау, «тырнақты нығайту үшін» бұлау түрінде және остеохондроз, артроз бен артриттердің алдын алуға, бойдағы салқынға, буын ауруларына тигізер пайдасы мол.


Вернуться назад