» » » Емдік ванна қабылдау бөлмелері

Емдік ванна қабылдау бөлмелері

Емдік ванна қабылдау бөлмелеріЕмдік ванналар аурухананың төменгі қабатында орналасқан. Осы бөлімде мейіркеш - Алмаш Тастемірқызы Мырзағазиева арнайы оқып маман куәлігін (сертификатын) алған және тазалықшы - Айна Шынжанова жұмыс жасайды.
Сумен емдеу бөлімінде 4 ванна, 3 себізгі кабинасы, 2 джакузи орналасқан.  Іші таза, жарық, демалатын, сусын ішетін орны бар. Ерлерге және әйелдерге арнайы жеке бөлмелер қарастырылған.
Әр түрлі емдік шөптер мен тұздардың түрлері бар: қылқанжапырак, шатыраш, қалақай, жасмин, түймедақ, итошаған, йод-бромды, теңіз тұзы. Олардың қабынуға қарсы, тыныштандыратын және сергітетін әсері бар, ұйқыны жақсартады, шаршағанды басады, жүйкенің асқан қозуын түсіреді.
Теріні жақсартып, оның тонусын көтеріп, қартаю үрдісінің алдын алады. Аяқты бұлау, «тырнақты нығайту үшін» бұлау түрінде және остеохондроз, артроз бен артриттердің алдын алуға, бойдағы салқынға, буын ауруларына тигізер пайдасы мол.
Емдік ванна қабылдау бөлмелеріЙодты-бромды ванна – бром жүйке жүйесіне пайдалы, йод әр түрлі қабынуға қарсы, йод пен бром қалқанша безінің жұмысын жақсартады, липидтік айналымды күшейтеді. Сондықтан бұл емді қалқанша безінің ауруларына және жүрек ауруларына пайдаланады. Сонымен қатар бұл емді пайдалану бүйрек, бауыр, талақ, қан айналымын жақсартады.
Емдік ванна қабылдау бөлмелеріСамырсын ваннасы – бұл жүйке ауруларына, жүрек қан тамырларына пайдалы. Жалпы адамның көңіл – күйіне жақсы әсер береді. Теңіз тұзы – жүйке жүйесіне жақсы әсері бар және шеткі (перифериялық) қан айналымын жақсартады.
12-06-2014, 00:38
4 476 просмотров
Нашли ошибку?