ҰЖЫМДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТ - МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ
2-07-2014, 22:57
Автор: kazaly
Аталған талаптар стандарттарға сай аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдарға да қатысты екені анық. Медициналық қызмет көрсету сапасының Президенттің жіті назарында отырғанының тағы бір дәлелі - мұның «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан көрініс табуы. Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жанғырту аясында елдің барлық аумағында медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін бірыңғай стандарттарының енгізу, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту керек.
Қазалы темір жол ауруханасы мен емханасы қазіргі таңда талапқа сай аккредиттеуден өткен және онда медициналық көмектің сапасын жетілдіруде, медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестікте жетістікке жету мақсатында біршама жұмыстар жасалуда. Атап айтқанда жаңа типті инновациялық құрал-жабдықтармен қамтылды, жаңа аппараттар алынды, 2012 жылдың қазан айынан бастап компьютерлік томограф жұмыс істейді. 2012 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс арқылы травматология саласынан жоғарғы медициналық көмек - оталар жасалып жатыр. Осыған орай қажетті дәрігер маман дайындалды және қажетті құрал-жабдықтар, эндопротез, медаспаптар алынды, мамандар білімін жетілдіру курстарынан өтті, шеберлігін шыңдады.
Емделушінің тең мүмкіндіктер мен сапалы медициналық қызметтерді алу құқықтарына бас назар аударылады. Аурухана, емхана ішінде емдеу үдерісі емдеу-диагностикалық хаттамаларға сәйкес жүргізіледі. Бұл үдерістерге ауруханада құрылған ішкі аудит тарапынан жіті бақылау жасалады.Пациентке емдеуден күтілген нәтижелердің өз үмітін қаншалықты ақтағаны маңызды. Күнделікті пациентке медициналық көмек сапасы деңгейін анықтауда қызмет көрсету туралы ақпарат беріліп тұрады, ол пациентке өте маңызды.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тағы да бір маңызды оң тұсы - медициналық қызмет көрсетудегі жұмыстардың барынша ашықтығы.
Алтынгүл ДӘРІБАЙ,
"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ
«Қазалы темір жол ауруханасы» директорының емдеу жөніндегі орынбасары,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ
«Қазалы темір жол ауруханасы» директорының емдеу жөніндегі орынбасары,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сілтеме: http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/uzhymdagy_basty_bagyt_medicinalyq_qyzmet_sapasyn_arttyru/2-1-0-204
Вернуться назад