» » ҰЖЫМДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТ - МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ

ҰЖЫМДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТ - МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ

ҰЖЫМДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТ - МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУМедициналық көмектің сапасы денсаулық сақтау мекемелерінде өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Еліміздегі денсаулық сақтау саласының сапасын басқару жағдайы мемлекет басшысының жіті назарында екені белгілі. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында адами әлеуеттің деңгейін көтерудегі маңызды бағыттардың бірі - медициналық қызметтің сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау екенін атап өткен болатын. Ол денсаулық сақтау жүйесінің сапалы деңгейде дамып келе жатқанын тілге тиек етті, сондай-ақ қазіргі таңда адамдардың «жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсететін жерлерді таңдайтынын» баса айтты.
Аталған талаптар стандарттарға сай аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдарға да қатысты екені анық. Медициналық қызмет көрсету сапасының Президенттің жіті назарында отырғанының тағы бір дәлелі - мұның «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан көрініс табуы. Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жанғырту аясында елдің барлық аумағында медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін бірыңғай стандарттарының енгізу, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту керек.
Қазалы темір жол ауруханасы мен емханасы қазіргі таңда талапқа сай аккредиттеуден өткен және онда медициналық көмектің сапасын жетілдіруде, медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестікте жетістікке жету мақсатында біршама жұмыстар жасалуда. Атап айтқанда жаңа типті инновациялық құрал-жабдықтармен қамтылды, жаңа аппараттар алынды, 2012 жылдың қазан айынан бастап компьютерлік томограф жұмыс істейді. 2012 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс арқылы травматология саласынан  жоғарғы медициналық көмек - оталар жасалып жатыр. Осыған орай қажетті дәрігер маман дайындалды және қажетті құрал-жабдықтар, эндопротез, медаспаптар алынды, мамандар білімін жетілдіру курстарынан өтті, шеберлігін шыңдады.
Емделушінің тең мүмкіндіктер мен сапалы медициналық қызметтерді алу құқықтарына бас назар аударылады. Аурухана, емхана  ішінде емдеу үдерісі емдеу-диагностикалық хаттамаларға сәйкес жүргізіледі. Бұл үдерістерге  ауруханада құрылған ішкі аудит тарапынан жіті бақылау жасалады.Пациентке емдеуден күтілген нәтижелердің өз үмітін қаншалықты ақтағаны маңызды. Күнделікті  пациентке медициналық көмек сапасы деңгейін анықтауда қызмет көрсету туралы ақпарат беріліп тұрады, ол пациентке өте маңызды.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тағы да бір маңызды оң тұсы - медициналық қызмет көрсетудегі жұмыстардың барынша ашықтығы.                                        

Алтынгүл ДӘРІБАЙ,
"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ
«Қазалы темір жол ауруханасы» директорының емдеу жөніндегі орынбасары,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
 
Сілтеме: http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/uzhymdagy_basty_bagyt_medicinalyq_qyzmet_sapasyn_arttyru/2-1-0-204
2-07-2014, 22:57
2 364 просмотров
Нашли ошибку?