» » Апаттар медицинасын ұйымдастыру мәселелері

Апаттар медицинасын ұйымдастыру мәселелері

Апаттар медицинасын ұйымдастыру мәселелеріРеспублика аумағында жанар-жағар май құралдары, жарылғыш, қатты әсер ететін улы және радиоактивті заттардың елеулі қоры, су айдындары мен су қоймалары бар өндірістік-технологиялық кешендердің көп болуы, сондай-ақ көнерген технологиялар мен құрал-жабдықтардың пайдаланылуы төтенше жағдайлар мен апаттар қаупін туғызады. Республиканың Оңтүстігі мен Оңтүстік-Шығыс аймақтарындағы сейсмикалық жағдайдың жандана түсуі, климаттың түбірімен өзгеруі, экологиялық қоршаған ортаның нашарлауы, аса қатерлі жұқпалардың  (инфекциялардың) табиғи ошақтарының жандануы эпидемиологиялық оқиғалардың пайда болу қаупін туғызады.
Оған қоса халықтың көші-қонының ұлғаюы жаппай  жұқпалы аурулардың әкелінуіне, тіпті ірі эпидемияларға әкеп соғуы мүмкін. Қазақстанда халық денсаулығын қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының аса маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай кезiнде шұғыл медициналық көмек көрсетудi жетiлдiру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасында айқын көрсетілген.
Атап айтқанда шұғыл медициналық-құтқару көмегiн көрсету аймағындағы тас жолдарда жол-көлік оқиғалары нәтижесiнде қайтыс болғандар санын 2013 жылға қарай 23 %-ға дейiн және 2015 жылға қарай 16 %-ға дейiн төмендету (2009 ж. - 26%); шұғыл медициналық-құтқару көмегінің келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегiн көрсетудiң басталуын жол-көлік оқиғасы туралы дабыл келiп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейiн қысқарту басым бағыттар болып табылады.
"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ«Қазалы темір жол ауруханасы» мекемесінде аталған міндеттер межесіне сай болу үшін заманауи құралдар мен жабдықтар алынып, мамандар біліктілігін жетілдіріп, тәжірибесін шыңдай түсуде. Хирургиялық бөлімшеде барлық шұғыл және жоспарлы операциялар жасалады. 2 операционных блок қажетті құралдармен жабдықталған, эндоскопиялық операциялар атқарылады. Дәріханада 49 атау бойынша дәрі-дәрмектер дайындалады. 2012 жылдан бастап компьютерлік томография қондырғысы жұмыс істей бастады.           

Алтынгүл ДӘРІБАЙ,
"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ
«Қазалы темір жол ауруханасы» директорының
емдеу жөніндегі орынбасары,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сілтеме: http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/apattar_medicinasyn_jymdastyru_maseleleri/2-1-0-208
1-07-2014, 22:51
2 104 просмотров
Нашли ошибку?