» » Жетiлдiрiлген медициналық құрылғылардың қызметiн ұсынамыз

Жетiлдiрiлген медициналық құрылғылардың қызметiн ұсынамыз

Жетiлдiрiлген медициналық құрылғылардың қызметiн ұсынамыз«Апаттар медицинасының темiржол госпитальдары» акционерлiк қоғамының филиалы – Қазалы темiржол ауруханасы мен темiржол емханасына 2 американдық «FHILIPS HD7» 3D түрлi-түстi ультрадыбысты диагностикалық зерттеу аппараты алынып, аурухана мен емханаға келген пациенттерге жүрек қызметi мен iшкi ағзалардың жұмысын тексерiп жатыр.

Тәжiрибелi мамандар бұл құрылғымен жүректiң қан тамыр аурулары мен ишемиялық ауруларын, жүрек қақпақшаларының туа бiткен ақауларын, сондай-ақ, iшкi құрылыс ағзалары мен эндокриндi аурулар және екi қабат кезiндегi шарананың өсiп-дамуын бақылап, жүктiлiктiң мерзiмiн тексередi және ерлер, әйелдер жыныс мүшелерiнiң ауруларын анықтайды.
Жаңа аппаратқа темiржол ауруханасында жатып емделушiлер тегiн түсiрiледi, өзге аудан тұрғындарына аурухана және емханада ақылы түрде қызмет көрсетедi.
Сондай-ақ, темiржол ауруханасының реанимация бөлiмiнде жатқан науқастарға 2013 жылы АҚШ елiнен шыққан «TriageMeterPro» анализаторы әртүрлi жүрек ақауларын (миокард инфарктiсi, стенокардия, жүрек ишемиясы, т.б.) диагностикалау кезiнде сапалы нәтиже көрсетiп, трапинин маркерiн анықтап, жiтi коронарлы синдром және инфаркт миокардысын анықтауға көмектеседi.
2013 жылы Канада елiнен жасап шығарылған «EPOС» портативтi анализаторы арқылы адам өмiрiне маңызды деген 15 түрлi қан параметрлерiнiң өзгерiстерiн (яғни қан айналым жүйесiн, қан құрамындағы әртүрлi элоктролиттердi, қанның қышқылдық-сiлтiлiк жағдайын, т.б.) тәулiк бойы анықтауға қол жеткiзiп отырмыз. Аппарат аурухананың жансақтау бөлiмiнде орналасқан.
АҚШ-та жасалған «Immunochem–2100» иммун-ферменттiк жартылай автоматты анализаторы 2014 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жасауда. Бұл аппаратпен қан тамырдан аз мөлшерде қан алынып, шарананың iшкi жұқпалы инфекциясын, вирусты ауруларды, екi қабат кезiндегi жұқпалы вирусты ауруларды, ағзадағы гормондарды (ерлер, әйелдер), қалқанша бездiң гормондарын және А, В, С, Д гепатит маркерлерiн анықтайды. Темiржол ауруханасының лаборатория бөлiмiнде орналасқан аппаратпен I санатты дәрiгер лаборант Бибiсара Ашықбайқызы Ердалиева жұмыс жасайды.
Реографиялық «Мицар﷓Рео» аппараты 2012 жылы Ресейдiң Санкт-Петербург қаласында шыққан. Бас миы және аяқ-қол қан тамырларында кездесетiн әртүрлi патологиялық (тромбоз, тарылуы, тамыр бойындағы кедергiлердiң болуы, т.б.) ақауларды анықтауға көмектеседi.
 
«АПАТТАР  МЕДИЦИНАСЫНЫҢ  ТЕМIРЖОЛ
ГОСПИТАЛЬДАРЫ» АКЦИОНЕРЛIК  ҚОҒАМЫНЫҢ
ФИЛИАЛЫ ҚАЗАЛЫ  ТЕМIРЖОЛ   АУРУХАНАСЫ.


"Қазалы” газеті
21-01-2014, 14:37
2 032 просмотров
Нашли ошибку?