Қазан айының аяғына таман қатты сырқаттанып, Қазалы стансасындағы тораптық темiржол ауруханасының хирургия бөлiмшесiнде жатып, ем алдым.
Адам жанының арашашысы атанған ақ халатты абзал жандардың жылы сөзi мен шипалы емiнiң арқасында денсаулығым жөнделiп, қалпына келдi.
Бұл күндерi отбасы, туған-туыстарыммен аман-есен қауыштым, көңiл күйiм жақсы. Ауруханада ем алған кездерi бөлiмшедегi денсаулық сақшыларының мәдениеттi де қалтқысыз қызметтерi сырқатымнан тез айығуыма септiгiн тигiздi. Хирургия бөлiмшесiнiң меңгерушiсi Сәдуақас Ахметов пен дәрiгер Ерболат Жасановтың жүрек жылулары дертке дауа болғандай. Бұл екi азаматтың да жүздерiнен әрдайым қазақы мейiрiм мен имандылық нұры төгiлiп тұрады.
Сонымен бiрге мейiркеш Yрпатшаға, тазалықшы Айкүмiске, жансақтау бөлiмiнiң мейiркештерi Гүлсара, Мира, Мәдинаға сүйiктi басылымым - "Қазалы" газетi арқылы ақсақалдық батамды беремiн. Шипагерлiк кәсiптерiнен берекет тауып, абыройлы бөлене берiңдер!
Шаңғытбай ЖЕТКЕРБАЕВ,
еңбек ардагерi.
Әйтеке би кентi.
"Қазалы” газеті