Белімнің сырқырап ауыратыны көптен мазалайтын. Емшілерге көрініп те, емделіп те жүрдім. Бірақ, нәтижесі шамалы. Болмағасын теміржол тораптық емханасына тексерілдім. Серік Адаевтың ұйғарымымен 8 сәуір күні тораптық ауруханаға жатып емделуге жолдама алдым. Он күн емделіп, сырқатымнан құлан-таза айығып шықтым. Мұнда мені дәрігерлер Серік Ахметов, Шолпан Өтеулиева, Гүлмариям Дәрменова жан-жақты қарап, медицинаның соңғы жетістіктерімен ем қолданды. Мейірімді медбике Күлжаһан Таңатованың, массажист Аманкүл Әбжанованың, сумен емдеуші Алмаш Мырзағазиеваның еңбектеріне дән ризамын.
Ал, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген бас дәрігер Құбыл Ршымбетовтің қызметі ерекше. Ол палатаға жиі келіп, емделушілердің хал-жағдайын біліп, көңіл-күйімізді көтеріп тұрды. Қарттарға керегі де осы. Өзгелер де тораптық аурухананың дәрігерлерінен үлгі алса деймін.
Аялы алақанымен, кішіпейіл мінезімен, елгезектігімен елдің көңілін тауып, дертке дауа, жанға шипа берген жандарға алғысым шексіз.
Ертас СӘДУАҚАСОВ,
тыл ардагері.
"Қазалы” газеті