Жаны жайсаң Жасұлан15 маусым – медицина қызметкерлерінің күні ![]() Жасұлан осы ауданның перзенті, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы № 216 орта мектепті бітіргеннен соң 1995-2002 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» факультетінде оқып дәрігер дипломын алды.2003 жылы Қазалы темір жол ауруханасында хирург, 2005 жылы реаниматолог дәрігер болып жұмыс істесе, 2008 жылдан бастап бөлімше меңгерушісі. Өз мамандығы бойынша Алматы қаласында алты рет білім жетілдірді. Ұдайы ізденісті серік еткен Жасұлан аурухана әкімшілігіне әрдайым ұсыныс жасап бөлімшенің қазіргі заманғы емдік–диагностикалық құралдармен жабдықталуына қол жеткізді. Нәтижесінде дерті бойынша ең күрделі науқастардың бетін бері қаратып, ажал тырнағынан арашалап қалды. Бөлімшеде емделген сырқаттардың Жасұланға айтар алғысы шексіз.
![]() С.Смағұлұлы,
Әйтеке би кенті, Қазалы ауданы Сілтеме: http://med-kz.ucoz.com/news/zhany_zhajsan_zhasulan/2014-06-13-578 |