Үміт Амиржанқызы ЖҰМАБАЕВА 1962 ж Арал ауданы «Аралқұм» стансасында дүниеге келген. 1978 жылы Аралқұм стансасындағы №62 орта мектептің 8-ші класын бітіріп, Қызылорда медициналық училищесінің акушерлік бөлімшесінде 1982 ж дейін оқыды.
Алғашқы еңбек жолын 1982 ж Қазалы теміржол ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде күзет мейірбикесі болып бастады.
1996-2015 жж ауруханада медициналық статист болып жұмыс істеді.
2015 ж бері аурухананың бас мейірбикесі.
1990 ж медстатистің бірінші санатын, 2011 ж жоғары санатын және 2016 ж мейірбикенің жоғары санатын иеленген.
Өз кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып тұрады. Еңбектегі жетістігі «ТЖМ-нің құрылғанына 20 жыл» мерейтойлық медалімен атап өтілген.