» » «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС Басқарма төрағасы

«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС Басқарма төрағасы

Ршымбетов Кубыл


1948 жылы 13 қарашада  Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қасқа-Құлан ауылында дүниеге келген. 
 1973 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітіріп шыққан. 
 1973 жылы Жамбыл теміржол ауруханасында бір жылдық интернатурадан өтті. 1986 жылы "Әлеуметтік гигиенаның өзекті мәселелері, емдеу – профилактикалық көмекті басқару және ұйымдастыру" тақырыбы бойынша қайта даярлаудан өтті. В 1987-1991 жылдары халық депутаттары кенттік Кеңесінің депутаты. 2003-2007 жылдары аудандық мәслихаттың депутаты. Шахмат Федерациясының Президенттері. Жоғары санатты Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушысы.
 1974 жылы Қызылорда теміржол ауруханасына жұмысқа орналасты. 1974-1977 жылдары осы ауруханада дәрігер-терапевт, қосымша инфекциялық бөлімінің меңгерушісі. 1988 жылы қосымша дәрігер иглорефлексотерапевт. 
 1977 жылдың қаңтар айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасына терапевт дәрігері, қосымша дәрігер инфекционист. 1979 жылы осы ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, 1994 жылдың тамызынан 1997 жылдың ақпанына дейін осы аурухананың бас дәрігері.
 1997 жылдың ақпан-қыркүйек айлары аралығында Қазалы орталықтандырылған аудандық ауруханасының бас дәрігері.
 1997 жылғы қыркүйектен бастап Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері, 2000 жылдан бастап директор, қазіргі уақытта 2025 жылдың ақпан айынан бастап аурухана басқарма төрағасы. 
 2007 жылы Астана қаласында өткен “Қазақстанның провизорлар мен дәрігерлердің ІІІ-съезіне”, 2011 жылы Гонконг қаласына тәжірибе алу үшін «медициналық мекемелерін басқару» мамандандырылған  іскер бағдарламасына, 2013 жылы Барселона қаласында Высшая школа Менеджмента в Барселоне Graduate Schoolof Managementin Barcelona мамандандырылған  іскер бағдарламасына, 2014 жылы  «Мировые тенденции здравоохранения. Опыт Индии»  көшпелі тәжірибиелік семинарына қатысты.
 Алған марапаттары:
 2001 жылы ҚР Президентінен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" мерейтойлық медалі.
 2004 жылы ҚР ДСМ "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісі.
 2005 жылы "Теміржолға 100 жыл" мерейтойлық медалі.
             2006 жылы "Аудандық деңгейде емдеу-диагностикалық жұмыстарға жаңа технологияларды белсенді енгізу" номинациясы бойынша Қызылорда облысының Денсаулық сақтау Департаментінің Дипломымен марапатталды.
             2006 жылы Қазалы ауданының әкімі денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды енгізгені және халыққа сапалы медициналық көмек көрсеткені үшін "Жыл дәрігері" номинациясымен марапатталды.
             В 2011 жылы ҚР Президентінен «20 лет независимости Республики Казахстан" мерекелік медаль.
 2012 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісі.
             2013 жылы "Үздік адамдар" Құрмет белгісі.
 2013 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Шапағат" медалі.
 2015 жылы ҚР Президентінің сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін ҚР Президентінің Алғысы.
 2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Еңбек ардагері" медалі.
 2015 жылы" Қызылорда облысының медицина қызметкерлері қауымдастығы Қоғамдық бірлестігінің «Сыр медицинасының үздігі» медалі.
 2016 жылы ҚР халқының өмірі мен денсаулығын сақтаудағы еңбегі үшін "Алтын дәрігер" белгісі.
 2016 жылы Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасы».
 2016 жылы Қазақстан Республикасының қоғамдық наградалар және атақтар жөніндегі комитетінің шешімі бойынша «Қазақстанның Құрметті азаматы» орденімен марапатталдым (ордендер беру туралы "Қоғамдық наградалар мен атақтар жөніндегі комитеттің" 17.12.2016 ж. № 1 шешімінен № 89 үзінді).
 2019 жылы Қазалы аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кеңесі  Көп жылғы қоғамға сіңірген еңбегі үшін «Қазалы ауданының «Құрметті ардагері» медалімен марапатталдым  (тіркеу №014 тамыз 2019)
 2019 жылы Қазалы аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымы «Көп жылғы қоғамға сіңірген еңбегі үшін» Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» медалімен марапатталдым.
 2019 жылы Қызылорда облыстық  ардагерлер Кеңесінің Алқа мәжілісінің қаулысы бойынша «Қызылорда облысының құрметті ардагері» медалімен марапатталдым. (тіркеу №029   01.10.2019ж).
 2020 жылы Тиімді басшылық, кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейі және кәсіпорынның табысты даму стратегиясын іске асырғаны үшін  «Кәсіби танылу» орденімен марапатталдым (куәлік №281 2020 жылғы 09 маусымдағы кәсіпорындар рейтингісінің қорытындысы бойынша ҚР-дағы Ұлттық бизнес рейтингін ұйымдастыру комитетінің шешімі)
 2020 жылы "Ұстаз жолы" қоғамдық қорының "Алғыс хаты".
 2021 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Құрмет грамотасы".
 2021 жылы Қазалы аудан әкімінің "Алғысы".
 Қызылорда облыс әкімінің "Алғысы".
 2022 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Алғыс хаты".
 2022 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халық аралық Қазақ творчествалық Бірлестігінен   «АТАТҮРІК» медалінің иегері (куәлік №020 23.06.2022).
 2022 жылы ҚР Президентінің "Алғыс хаты".
 2023 жылы Қызылорда облысының әкімінің және Қызылорда облыстық маслихат төрағасының атынан «Құрмет грамотасы».
 2023 жылы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кенесінің атынан «Құрмет белгісі» төс белгі.
 2023 жылы Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының атынан «Елеулі еңбегі үшін» медалі (19.04.2023 №25 п.33 атқару комитетінің қаулысы).
 2023 жылы Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазалы ауданының 95 жылдығына арналған мерейтойлық» медалі.
 2023 жылы Orda.kz баспа  үйінің   бас директорының "Алғыс хаты".
 2024 жылы ҚР «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының Қазақстанның «Құрметті дәрігері»төсбелгісі және І дәрежелі дипломы.
 2024 жылы 25 қазанда Республика күніне орай  ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» (16.10.2024 ж ҚР Президентінің жарлығы)   медалі.
 2025 жылы Жаңа Қазақстан Республикалық инновациялық орталығының Денсаулық сақтау саласын дамытуға және мінсіз қызметке қосқан елеулі үлесі үшін "Орталық Азия Денсаулық сақтау саласының үздігі" төсбелгісі.



 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
                                     

                                                                     


 
 

18-09-2025, 17:02
40 просмотров
Нашли ошибку?   
Аты-жөні: *
E-mail: *
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Код енгізу: