Азаматтар бірінші жартыжылдықтың соңына қарай өз атына
аударылған МӘМС төлемдері туралы мәліметтің көшірмесін ХҚКО-нан ала алады.
Нақтырақ айтсақ ол былай: Мемлекеттік қызметтің бұл түрі
тұрғындарға бірінші жартыжылдық соңында МӘМС жүйесіне қатысу барысы мен өз
атына аударылған төлемдер туралы мәліметті Халыққа қызмет көрсету
орталықтарынан алуға мүмкіндік береді.
Біздің жоспарымыз бойынша, бірінші жартыжылдық соңында азаматтар
МӘМС жүйесіне қатысу барысы мен төленген жарналар туралы мәліметті Халыққа
қызмет көрсету орталықтары арқылы алу мүмкіндігіне ие болмақ. Мысалы, қазір бұл
мәліметті "электронды үкіметтің" egov.kz порталы арқылы алуға болады.
Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбасы бар кез келген
азамат "жеке кабинетке" кіріп, МӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан
жасалғанын анықтап біле алады.
Мұның аса ыңғайлы еместігін азаматтарымыз жиі айтып жүр. Ал, бұл
қызмет ХҚКО арқылы көрсетіле бастағаннан кейін тұрғындар өз атына аударылған
жарналар мен аударымдар туралы мәліметті, сондай-ақ МӘМС жүйесінің қатысушысы
деген анықтама қағазын да сол жерден ала алады.
Бахыт ИСМАХАНБЕТОВ,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалының директоры.
https://syr-media.kz/news/2372-mms-mlmet-kshrmesn-aydan-alady.html