8-ші наурызбен құттықтау

Құрметті де аяулы Арулар! 


Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
 Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке - бірлік, мол табыс, махаббат пен әсемдік тілеймін!
 Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!!!
 Әрқашан үйіңізден жылылық кетпесін.
 Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.
 Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс - құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл - күй тілеймін! 


Ізгі ниетпен:

Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС директоры 

Кубыл Ршымбетов

8-03-2021, 12:02
1 348 просмотров
Нашли ошибку?