Қазалы теміржол емханасының тері-венеролгиялық аурулар процедуралық кабинетінде қаралуға келген адамдардан, екі қабат әйелдерден, скрининг өтетін ересектер мен балалардан венерологиялық ауруларға венадан қан алынады.
Кабинеттің негізгі мақсаты - венерологиялық аурулардың алдын-алу. Алынған қандар облыстық АИТВ орталығына АИТВ-ге, облыстық тері-венерологиялық аурулар ауруханасына мерезді (сифилисті), созды (гонореяны) анықтау үшін (Вассерман реакциясы) жолданады. Отадан кейін қан құйылғандарға (рецепиенттерге) 1 ай, 3 ай, 6 ай осы аталған ауруларға қан алынып, тексеріледі.
Биохимиялық анализдер ауруханада да алынып тексерілуге жіберіледі. Санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Дәрігер Кульбаева Алтынкул, тері-венерологиялық аурулар процедуралық кабинет мейірбикесі Ибрашова Кенжегул жұмыс істейді.