Қазалы теміржол емханасында хирургиялық орталық үздіксіз жұмыс істейді: травматологиялық, хирургиялық, балаларға хирургиялық көмек көрсетіледі. Жарақат, сынық, буындары шыққан науқастарға алғашқы хирургиялық көмек, сынықтарға жабық репозиция, шыққан буындарды қайта орнына салып, гипс таңу көмектері; жарақаттарды, күйіктерді, алғашқы хирургиялық өңдеу, рабиологиялық көмек көрсетіледі.
Кабинетте науқастарды қарап, тексеріп диспансерлік есепке алу, динамикалық бақылау, күрделі оталарды арнайы мамандандырылған орталықтарға және қайта қалпына келтіру емдеріне жолдау қызметтері атқарылады.
Хирургиялық көмек түрлері: өскен тырнақты, липоманы, фиброманы, атероманы, гигроманы кесіп алу, іріңдіктерді (флегмона, абсцесс, фурункул, карбункул) тілу, күнделікті таңулар.
Санитарлық ағарту жұмыстары атқарылады: лекциялар оқылып, әңгімелер жүргізіледі.
Бірінші санаттағы дәрігер-хирург Елеуов Жолдас 1978 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жұмыс өтілі – 43 жыл. Хирургия бөлмесінде екінші санаттағы мейірбике Асан Гулзат жұмыс атқарады.