» » ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БОЛЫП ӨТТІ.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БОЛЫП ӨТТІ.

28 сәуір күні "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының Қазалы ауданы бойынша филиалында 

Қазалы Мемлекеттік Кірістер Басқармасы

Казалинская Жд Больница Тоо

Қазалы Ауданының Білім Бөлімі

Қазалы Ауданаралық Аурухана

ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты қоғамдық қабылдау болып өтті. 

Қабылдау ковид инфекциясының таралуының алдын алу және карантиндік режим талаптарын сақтау үшін орталықтағы қызмет алушылармен әңгімелесу, пікір алмасу, сұрақ жауап форматында өтті.

Қызмет алушылар емхана өкілдеріне вакцина туралы, тегін дәрі-дәрмектер мен оның алу жолдарына байланысты сұрақтар қойып, жауап алды. 

Салық басқармасы тарапынан мекен жайы өзгерген жағдайдағы кәсіпкерлердің іс-әрекеті, салық төлеу мерзімдері мен тәртіптері туралы және білім бөлімі тарапынан баланы асырап алу, мүгедек жастар оқыту және жұмысқа орналастыру жөнінде сұрақтарға жауап берілді.

Қоғамдық қабылдау алдағы уақытта да жалғасын табады.

28-04-2021, 14:35
549 просмотров
Нашли ошибку?