Скрининг

Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда!
Скрининг (screening – сараптау, іріктеу) – бұл ерте сатыда ауруларды және қауіпті факторларды анықтау үшін белгілі бір жастағы дені сау адамдардың алдын ала медициналық қаралудан өтуі.
Алдын ала медициналық қаралу – уақытылы емделу мен алдын алу, ауруларды ерте анықтау және ескерту мақсатында адамның денсаулық жағдайын бақылап отыру үшін жүйелі түрде дәрігерге қаралу әдісі.
Халықтың белгілі тобын скринингті қаралудан өткізудің мақсаты ауруды және оның пайда болуына септігін тигізетін қауіпті факторларды ерте сатыда анықтау болып табылады.
Сіздің жасыңыз скринингті тексерілуге тиісті болса, Сізді міндетті түрде тұрғылықты жеріңіздегі емхананыздан медициналық тексеруден өтуге шақырамыз!

АҚФ"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары"-
Қазалы темір жол емханасы,
скринингке жауапты дәрігер,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
16-08-2014, 14:04