МАМАНДАР МӘҢГІЛІК ЖАСТЫҚТЫҢ КІЛТІ АДАМНЫҢ ӨЗ ІШІНДЕ ДЕГЕНГЕ СЕНІМДІГейделбергтегі обырды (ракты) зерттеу неміс орталығы қартаю үдерісін баяулатудың жаңа тәсілін көрсетті. "Ридус" хабарлағандай, сарапшылар адамдарда да және жануарларда да өмір ұзақтығын бақылауда маңызды рөл атқаратын TXNIP ақуызын (белогын) өшіруді ұсынады.
55 жастан асқан адамдар мен 20-25 жастағы
еріктілердің жағдайының салыстырмалы талдауы жүргізілді. Сарапшыларды
Т-лимфоциттер қызықтырды. Аталған иммундық торшалар егде адамдардың
организмінде TXNIP ақуызын көп бөлетін болып шықты. Дегенмен, шындығына
келгенде ғалымдар TXNIP-ті өшірудің қаншалықты қауіпсіз екенін әзірше білмейді. Дереккөз:www.meddaily.ru «Сыр медицинасы» газеті |