Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 80-ші қадамында айтылғандай, еліміздің денсаулық сақтау саласының қызметі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі негізінде іске асырылуда.
«Міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру жүйесі» туралы заң 2015 жылдың 16 қарашасында қабылданды. Осы Заң аясында «Әлеуметтік медициналықсақтандыру қоры» КЕАҚ (әрі қарай Қор) құрылды. 2017 жылдың маусым айында аталғанқордың филиалдары еліміздіңәрбір облыстарында ресми түрде ашылды. Шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер және азаматтық құқықтықшарт арқылы жұмыс атқаратындардан аударымдар мен жарналартұрақты аударылыпкеледі. Осы орайда жүйеге енгізілгенөзгерістер мен бүгінгіжұмыс барысы туралы «Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовпен сұхбаттасқан едік.
– Бақыт Торғайбайұлы, өткен жылдың шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер және азаматтық құқықтық шарт арқылы жұмыс жасаушылар тұрақты түрде жарна төлеуге кірісті. Бірқатар өзгерістер енгізілгенінен хабардармыз. Нақты қандай өзгерістер орын алуда?
– «МӘМС» заңына сәйкес әлеуметтікмедициналық сақтандыру қорына төленетін жарналармен аударымдар 5 түрлі форматпенжүргізіледі. Олар: әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға мемлекеттіңжарнасы; жұмыс берушініңәрбір жұмысшыға аударатынаударымдары; жұмыскерлер жарналары; жеке кәсіпкерлер жарналары (2 ЕТЖКдан) және Белсенді емес тұрғындар (1 ЕТЖКдан).
2017 жылдың шілде мен желтоқсан айларында жұмыс берушілер жұмыскерлеріне айлық табысының 1% көлемінде өз пайдасынан төледі, ал жеке кәсіпкерлерсол жылғы ең төменгі айлық жалақының 2 еселеген мөлшерінің 5%-і көлемінде және азаматтыққұқықтық келісім-шарт негізінде жұмыс атқаратындарға айлық табысының 5%-і көлемінде жарна мен аударымдараударып отырды. Әлеуметтік қорғалмағаназаматтарға мемлекетжарнаны 2020жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен екі жылды қоса алғандағы орта айлық жалақының 4% көлемінде 14 санат бойынша ай сайын аударыпотырады. Аударылған аударымдармен жарналар Ұлттық банкте сақталады және Қордың ресми сайтындаашық көрсетілім табады.
МӘМС жүйесініңзаңына толықтырулармен өзгерістер енгізілуінесебепкер болған еліміздегіәлеуметтік мәртебесініңмемлекеттік ақпараттық жүйелердеөзектендірілмеген белсенді емес халықтардың санағынабайланысты болып келді. Соған сәйкес тек МӘМС жүйесіндегікөрсетілетін медициналық қызметтердің енгізілуіекі жылға кейінгешегерілді, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады және аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерлерінде де өзгерістер болды. Атап айтқанда, 2018-2020 жылдарға белгіленгенМӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшеріжұмыс берушілер (оның ішінде ЖК мен ШҚ иелері өз жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде) 2018-2019 жылдары – 1,5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 2%, жеке тұлғалар 2018-2019 жылдар төлемейдіде, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК (өзі үшін) екі еселенген ең төменгі жалақыдан – 5%, АҚК негізіндееңбек ететін тұлғалар 2020 жылы айлық табысынан – 1%, 2021 жылдан бастап – 2%, өзге санаттарең төменгі жалақыдан – 5%. Мемлекет 2020 жылы жеңілдігібар санаттар үшін мемлекеттік статистикаорганы тарапынан өткен 2 жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4% көлеміндежарна аударады («МӘМС» заңының 26-бабы 2;3 тармақтарыбойынша), жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлердің табысынаналынатын жарнаны ұстап қорға аударыпотырады(2020ж – 1%, 2021ж – 2%).
Айта кету керек, қазіргі кезде арнайы Денсаулықсақтау заңына және Міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру заңдарынаөзгерістер мен толықтырулар жасау жағдайлары қаралуда. Сол себептен МӘМС жүйесінің толық жұмыс жасауынакедергі келтірген белсендіемес тұрғындар жыл соңына дейін нақтыланса, онда жүйе 2019 жылдың 1 қаңтарынаненгізіліп кетуі мүмкін. Осы уақытта тегін медициналық көмектіңкепілдендірілген көлемі пакеті және Медициналықсақтандырудың медициналық пакеттеріннақты бекіту жұмыстарыжүргізілуде.
– Қордың қазіргі жағдайы туралы айтып өтсеңіз.
– Әлеуметтік медициналықсақтандыру қорыныңмақсаты – кепілдендірілген тегін медициналықкөмек пакетінің қаржы операторы, ал жақын болашақта медсақтандыру пакеті бойынша стратегиялық сатып алушы ретіндежекеменшік сектордықызмет көрсетуге көбіректарту, сол арқылы медицина нарығында бәсекелестікті күшейту. Өйткені, бәсеке бар жерде сапа болады. Осы мақсатта өткен жылдың қыркүйекайында Қор аталғанбағдарлама шеңберінде қызмет көрсетуге ниетті денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорынжасаған болатын. Дереққорға енгізілгенмедициналық мекемелер 2018 жылға халыққа «Тегін медициналық көмектіңкепілдендірілген көлемі» бойынша көмек көрсететіндер. Еліміз бойыншамемлекеттік тапсырысты орындауғаниетті, әрі әлеуетіжетеді деген 1600-ден астам денсаулықсақтау субъектісі дерекқорғаенді. Оның 49 проценті – жекеменшікклиникалар. Бұл жекеменшік ұйымдардың қор бастамасын қолдап, медициналыққызмет көрсетуде белсенділіктанытқанын көрсететін негізгідәйек.
Облыс бойыншаайтар болсақ, Қордың дерекқорынақазіргі таңда 83 медициналықмекеме тіркелді, оның 49-ы – жеке клиника, бұл былтырғыжылмен салыстырғанда 2 есеге артық. Қазіргіуақытта облыс бойынша 36 млрд теңгеге 65 медициналықмекемемен келісімшарт жасалды. Оның 34-і, немесе 52%-і жекеменшік клиникалар үлесінде. Биыл кепілдендірілген көмек пакеті шеңберінде қызмет көрсететін жекеменшікклиникалар саны өткен жылмен салыстырғанда 30 %-ке артты.
Өткен жылы Қор тұңғыш рет медициналыққызметтерді жеткізушілермен, соның ішінде емханалармен жұмыс істеуді қолға алған болатын. Оларменбекітілетін келісімшарт сомасы тіркелген тұрғындарсанына тәуелді. Жыл басынанбері елімізде кейбір емдеу мекемелерінің азаматтаратынан тіркеу жөніндежалған өтініштер жазып, оларды өздеріне тіркегенітуралы, сондай-ақ, тіркеуденешбір негізсіз бас тарту фактілерітуралы шағымдар түсті. Қазір Қор мамандарыосындай шағымдар негізіндежан-жақты жұмыс істеуде. Алайда мәселенітүбегейлі шешу үшін азаматтардың құжаттарынқабылдау тәртібін өзгертіп, процестіадам факторларының қатысуынсызықпал ету керек. Сондықтанқазір осыны ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттікқызметтер реестріне енгізу туралы ұсыныс дайындалып жатыр. Жоғарыдаайтылған жағдайларды ескере отырып, тіркеу ережесінеде толықтырулар енгізу көзделуде. Әрине, жаңа қызметтерді іске қосуға біраз уақыт қажет. СондықтанҚор осы бағыттажұмыс басталған кезде қосымша хабарлайтынболады. Оған дейін азаматтарды емханағатіркеу тәртібі бұрынғыша: egov.kz порталы немесе емханалардың тіркеу бөлімі арқылы жүргізіле бермек. Бұдан басқа, қазақстандықтарға сақтандырутөлемдері жайлы мәліметалуға мүмкіндік беретінжаңа мемлекеттік қызмет түрлерін әзірлеп, емханағатіркеу процесін жетілдіру жоспарланып отыр. Атап айтсақ, бұл бағыттаазаматтар МӘМС жүйесінеқатысу және төленгенжарналар туралы мәліметтіхалыққа қызмет көрсетуорталықтары арқылы алу мүмкіндігіне ие болмақ. Мысалы, қазір осыған ұқсас қызметтерді «электрондыүкіметтің»
egov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электронды цифрлыққолтаңба қажет. Цифрлыққолтаңбасы бар кез келген азамат «жеке кабинетке» кіріп, МӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан жасалғанын анықтапбіле алады.
– Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакеті (ТМККК) пен МӘМС жүйесінің медициналық пакеттері туралы жан-жақты түсіндіре отырсаңыз.
– Тегін медициналықкөмектің кепілдендірілген көлемі Мемлекет басшысыныңбиылғы Жолдаудағы тапсырмасынегізінде оңтайландырылып жатыр. Тегін медициналық көмектіңжаңа нұсқасы әрбір адамға шұғыл және алғашқымедициналық көмек көрсетуге, қоғамдықмәні бар аурулардымемлекеттік бақылауға алуға негізделген. Ал, тегін медициналық көмектіңкепілдендірілген көлемі пакетінің жаңа үлгісіменқатар енгізілетінміндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру пакеті оның кем-кетігін толықтырып, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, ұлт саулығының іргетасынқалауға ықпал етпек. Яғни, шұғыл көмек пен мемлекет тарапынанреттеуді талап ететін саланың бәрі тегін медициналықкөмектің кепілдендірілген көлемі пакеті есебіненжүзеге асырылады. Ал, кепілдікберілген тегін көмеккекірмейтін қосымша қызметтерМӘМС жүйесі арқылы көрсетіледі.
Амбулаторлық
деңгейде берілетін тегін дәрі-дәрмекті әлеуметтік маңызы бар аурулар да, тегін
медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде динамикалық бақылауға
алынатын науқастар да ала алады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген
көлеміне кірмейтін науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МӘМС есебінен жүргізіледі.
Сонымен қатар қазіргі кезде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі
мен МӘМС жүйесінің медициналық пакеттері кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Тегін
медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі жаңа үлгісіндегі медициналық
пакеті бойынша барша азаматтарға жедел жәрдем және санитарлық авиация,
бастапқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл жағдайларда стационарды алмастыратын
және стационарлық көмек пен паллиативті көмек кіреді. Ал, әлеуметтік маңызы
бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде консультативті-диагностикалық
қызмет, амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы
стационарлық және стационарды алмастыратын көмек және туберкулезге
шалдыққандарды медициналық оңалту жатады.
МӘМС
(сақтандырылғандарға арналған) жаңа үлгісіндегі медициналық пакетіне
консультативтік-диагностикалық көмек, ересектерді профилактикалық
тексеруден өткізу, балаларды мамандандырылған деңгейде тексеру, бағасы қымбат
зертханалық қызметтер кіреді.
Сұхбаттасқан
Айнұр
БАТТАЛОВА,
«Сыр
бойы».
http://www.syrboyi.kz/suhbat/23778-mms-zhaa-zhyen-timdlg-nede.html