Белсенді емес тұрғындар медициналық қызметтерді қалай алады? Осы және басқа да
сұрақтар бойынша медсақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиал
қызметкерлеріне жолығып біле аласыз.
Назарларыңызға сала кетейік, әр аптаның сәрсенбісі күні сағат
15.00-ден бастап Қызылорда қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы ғимаратында
медсақтандыруға байланысты кеңестер беріледі.
Бұл жерден тұрғындар ТМККК /тегін медициналық көмекке кепілдік
берілген көлемі/ және МӘМС /міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру/
жайындағы медициналық пакеттер бойынша, оған қоса жұмыс жасамайтын тұрғындарға
және экономикалық белсенді емес халыққа медициналық көмектер қалай көрсетіледі,
жұмыс берушілер қандай қаражат арқылы аудырымдар жасалынып жатқаны және де тағы
да басқа сұрақтарға жауап ала алады.
Қазіргі таңда жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлердің
айлық жалақысының 1,5 % мөлшерінде өзінің табысынан төлем жасап жатыр, яғни
олар қызметкерлердің айлық жалақысынан аударым жасамайды.
2018-2019 жылы жеке кәсіпкерлер өздеріне жарна аудармайды,
бірақ, қарамағындағы қызметкерлеріне жұмыс беруші болып табылып, сол жұмыс
беруші ретінде 1,5% мөлшерінде аударымдар жасайды.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Әр аптаның сәрсенбінің
сәтті күнінде сағат 15.00-18.00 аралығында Қызылорда қаласындағы «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы
орталық ғимаратында филиал қызметкерлері сіздерді күтеді және де сіздерге осы
МӘМС жүйесіне байланысты толғандырып жүрген сұрақтарға толыққанды жауап береді.
https://syr-media.kz/news/5280-mms-saualdaryyza-zhauap-dayyn.html