» » Қазақстанда ПТР сынағын кім тегін тапсыра алады?

Қазақстанда ПТР сынағын кім тегін тапсыра алады?

Елімізде коронавирустың өршуіне байланысты ПТР тапсырушылар саны көбейген. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусты анықтайтын ПТР тестін кім тегін тапсыра алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


 “Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес ТМККбК және ӘМСҚ шеңберінде азаматтардың 18 санатын қамтитын "эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша" және "профилактикалық мақсатта" екі топ бойынша тегін тестілеу көзделген.
 
 COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу медициналық ұйымның немесе СЭБК департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі”, –дейді министрлік. 
 
 Эпидемиологиялық көрсетілім бойынша тегін ПТР тапсыра алатындар: 
 
 - COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар; 
 
 - ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар; 
 
 - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауратын науқаспен жақын байланыстары қатарындағы адамдар;
 
 - респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлері; 
 
 Профилактикалық мақсатта медициналық сақтандыру есебінен ПТР тапсыра алатындар: 
 - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарда Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;
 
 - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  қаулысына сәйкес шетелден авиарейстермен келетін адамдар;
 - Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде жинау пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімге келгеннен кейін жас әскерлер;
 
 - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде мерзімді әскери қызметтен кейін әскери бөлімдерден кету алдында әскерден босатылған адамдар.
 
 - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;
 
 - Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;
 
 - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде науқас балаға күтім жасауға медициналық ұйымдарға жатқызылған адамдар;
 
 - емдеуге жатқызу алдында жүкті әйелдер;
 
 - Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде гемодиализдегі пациенттер айына 1 рет; 
 
 - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар); 
 
 - COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар, ресімдеу кезінде және кейіннен ай сайын;
 
 - Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде демалыстан, іссапардан, науқастануына байланысты жұмыс орнында болмауынан кейін медицина қызметкерлері;
 
 - эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес;
 
 - COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практика басталу алдында жүргізіледі.    
 Аталған санаттарға кірмеген азаматтар тестілеуден өз қаражаты есебінен ақылы негізде өтеді.


 stan.kz


22-07-2021, 11:41
65 просмотров
Нашли ошибку?