Жазылу мерзімінің басталғанына көп уақыт өткен жоқ. Алайда ауданда 2014 жылдың І жартыжылдығына «Сыр бойына» 3500 адам жазылып үлгерді. Қалыптасқан дағдымен қазалылықтар бұл жолы да ұйымшылдық танытты. Ең қуаныштысы, оқырмандардың арасында тек бюджеттік қызметкерлер ғана емес, жастар, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, депутаттар да баршылық. Белсенді оқырмандарымыздың қатарынан білім (басшысы Ерболат Қалнияз, әдіскер Сейілхан Бердібекұлы), мәдениет бөлімі (Толыбай Жүсіп), денсаулық саласы (басшылары Серік Ізбасов, Қуаныш Әзіров,
Құбыл Ршымбетов, облыстық мәслихат депутаты Құлпыбай Ысқақ), ішкі істер бөлімі (Алмас Бегалиев, Шынтас Бекетов), орталық кітапхана (Мамық Үржанбекова), «Мусаев» базары (Айгүл Мусаева, Ұрқия Ахметова), Оразғали Бекбанов басшылық жасайтын ардагерлеріміздің үлкен шоғырын, Шынар Жеңсікбаева жетекшілік жасайтын «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығының ұжымын, Әліби Әбиев бастаған аудан кәсіпкерлерін, облыстық мәслихат депутаты Самұрат Имандосов басқаратын «Рза» АҚ, аудандық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеевтің «Сыр маржаны» ЖШС ұжымдарын кездестіресіз.
Теміржолшы оқырмандарымыздың көшін аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Әлмағамбетов басқаратын «Локомотив жөндеу» зауыты бастап тұр. «Экономикамыздың тірегі» атанған осынау теміржолшылар аудандағы кез келген жаңалықтан қалыс қалмайды.
Газет-журналдың таратылуымен ауданда негізінен «Қазпошта» мекемесі айналысады. Аудандық пошта байланыс торабы (басшысы Жайлаубай Нұрбаев, баспасөз нұсқаушысы Әлияш Шманова) көпшіліктің сеніміне селкеу түсірмеуге тырысады. Әрі жеміссіз емес.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
Қызылорда облыстық "Сыр бойы” газеті, 30 қараша 2013
http://www.syrboyi.kz/akparat/692-tl-basylymyn-trge-ozdyran-azalylytar.html