Ауруханадағы мемлекеттік рәміздер бойынша атқарылған жұмыстар1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы ҚазақстанРеспубликасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы, Әнұраны- дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады. Мемлекеттік рәміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. «Апаттар медицинасының госпитальдары» Акционерлік қоғамының филиалы - « Қазалы теміржол аурханасы» мемлекеттік рәміздерді қолдану және пайдалану тәртібі бойынша іс-шаралар белгілеп, жұмыстар жүргізді. Мемлекеттік рәміздерге деген жалпы халықтың құрметін арттыру және жастарға оның маңыздылығын түсіндіру мақсатында насихат жұмыстары күшейтілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының және Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелері, Мемлекеттік Гимннің мәтіні мекеменің салтанатты шаралар өтетін мәжіліс залының арнайы жерінде бір деңгейде, ретімен орналастырылған. Мекеме басшысының бұйрығымен ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесі негізінде мекемеішілік тұрақты комиссия құрылған. Аурухананың ресми веб-сайты мемлекеттік рәміздерге арналған Қазақстан Республикасының Заң талаптарына сәйкес бақыланады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мемлекеттік лицензиясы бар заңды тұлғалар арқылы сатылып алынады, аурухана ғимаратында ұдайы ілініп тұрады, сондай-ақ салтанатты және спорттық іс - шаралар кезінде тігіледі. Мемлекеттік Ту ұлттық стандартқа сәйкес келеді, жарамды күйде, сапасы жақсы, қолдану тәртібі қатаң сақталады. Ауа райының қолайсыздығын ескеріп, 2016 жылы мекеме бойынша 15 дана Мемлекеттік Ту алуға қаржы бөлу қарастырылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба бейнесі аурухананың мөрі мен құжаттарының бланкілерінде орналастырылған, көлемі ұлттық стандартқа сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне, өзге де салтанатты іс-шаралардың ашылу кезінде бекітілген мәтіні мен музыкалық редакциясына сәйкестікпен мемлекеттік тілде орындалады және орындалу тәртібінің қатаң сақталуы бақыланады.
Сурет kaztv.kaztrk.kz сайтынан алынды
С. ЕРДАЛИЕВ
|