» » Әр аурудың емі бар, бірақ...

Әр аурудың емі бар, бірақ...

Әр аурудың емі бар, бірақ...Жан КЕНЖЕ

Әбу Хурайра жеткізген хадисте Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) «Алла өзі жіберген кез келген аурудың шипасын да жібереді» дегені жайлы айтылады. Яғни, кез келген дерттің дауасы бар деген сөз. Десе де, кей сырқаттардың емі табылса да, ол жайлы ақпарат жеткілікті деңгейде таралмай, құзырлы ұйымдар көбінде ол жайлы үнсіз қалатыны туралы әңгімелер ел арасында көп айтылады. Кейде осы айтылған әңгімелер рас-ау деп қаласың.

Бір кездері дәрі-дәрмек тапшы дүниенің бірі болса, қазір дәріхана сөрелерінен бәрін табуға болады. Ең қызығы – біз үшін дәріханаға бару дүкенге немесе базарға барып, нан сатып алғандай қалыпты дүниеге айналды. Күн сайын теледидардан көретініміз – тағы сол дәрі-дәрмектің жарнамасы. ХХІ ғасырда фармацевтика қалайша табысты бизнес көзіне айналып үлгерді? Біз неге дәріге сонша тәуелді болып кеттік? Жауап біреу – бәріне дәрілік препараттардың жоғары кәсіби деңгейде жасалған әрі кең таралған жарнамасы кінәлі. Ресми мәліметтерге сенсек, фармкомпаниялардың ТВ мен интернеттегі жарнамаға жұмсайтын инвестициясы миллиардтаған долларды құрайды. Былайша айтқанда, ол мемлекеттің денсаулық сақтау саласына бөлетін қаржысының қомақты бөлігіне тең.

Одан бөлек, көптеген жазылмайтын, ауыр науқастардың емі табылған деседі. Оны бізге сұхбат берген дәрігер де растады. «Мысалы, АҚШ, Канада, Германия сияқты алпауыт елдер барлық ауруларды емдей алады, алайда құпиясын айтпайды» дейді дәрігер. Сонымен бірге, дәрі-дәрмектің де құрамын ашық айтпауға тырысады. Көбінде құрамында ингредиенттердің химиялық атауларын жазғанымен, олар негізінен өсімдіктерден және жануарлардан жасалатын көрінеді.

Қарап тұрсаң, химиялық, фармакологиялық өнеркәсіптің өкілдері адамзатқа қарсы бірдеңе ойластырып жатқандай. Ерте ме, кеш пе, олар адамды сиреп кеткен биологиялық түрлердің біріне айналдыратын сияқты. Фармацевтика бизнесінің пайдакүнемдігі мен арамзалығына ХХ ғасырда АҚШ-та орын алған мына оқиға дәлел бола алады.

1901 жылы пенициллинді жасап шығарған Флеминг оны бүкіл адамзаттың игілігі деп атап, патент рәсімдеуге қарсы болған-ды. Бірақ, АҚШ үкіметі оның дегенін болдырмады. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО сол пенициллинді сұрағанда, Америка бермеді. Сондықтан, оны КСРО өздері ойлап табуға мәжбүр болды. Ол аз болғандай, АҚШ 1946-1948 жылдары пенициллиннің әсерін тексеру үшін 1300 гватемалалық тұтқындар мен ақыл-есі кем науқастарға әдейі соз ауруларын жұқтырып, заңсыз эксперимент жасаған.

Міне, сырқаттың шипасы мен оған қажет дәрілік препараттарды жасыру – әу бастан бар «дәстүр». Айталық, 70-жылдары қатерлі ісік қарапайым В17 дәруменінің жетіспеушілігінен туындайтынын ойлап тапқан Дж. Эдвард Гриффин «Қатерлі ісіктен ада әлем» атты кітап жазды. Алайда, бұл жаңалық насихатталмайды, керісінше халықты химиялық дәрі-дәрмекпен қамтып, үнемі олардың қажеттілігін туғызып отыру, ауруды тек уақытша басатын препараттарды көптеп шығару фармацевтік компанияларға әлдеқайда тиімді. Медициналық сауатымыз кем, тек дәріге сеніп үйренген сорлы басымыз сол компаниялардың дайын жемтігі болып отырмыз. Сондықтан да, құрметті оқырман, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.

https://korrespondent.kz/index.php/kogam-news/item/1968-r-aurudy-emi-bar-bira

20-10-2016, 17:28
1 481 просмотров
Нашли ошибку?