» » Қызмет сапасы сараланды

Қызмет сапасы сараланды

Қызмет сапасы сараландыҚызылорда қалалық ауруханасының мәжіліс залында барлық емдеу ұйымдары бас дәрігерлерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша алқа отырысы болып өтті.

Алқа отырысына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Мырзағалиева төрағалық етіп, күн тәртібінде облыстық туберкулезге қарсы күрес қызметін және облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметін оңтайландыру бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, облыс бойынша өлім-жітім көрсеткіші қаралды.

Облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметін оңтайландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы жедел-жәрдем станциясының бас дәрігері А.Құрманғали кеңінен баяндаса, облыстағы өлім-жітім көрсеткіші жөнінде Ш.Ералиеваның хабарламасы тыңдалды. Сонымен бірге, аймағымызда тіркелген суицид жағдайларына А.Негай талдау жасады. Сондай-ақ, жиында Сырдария, Жалағаш, Шиелі аудандық ауруханаларының бас дәрігерлері мен №№1, 5 қалалық емханаларының бас дәрігерлерінің хабарламалары тыңдалды. Олар өздері басқарып отырған мекеме жайын баяндай отырып, шешімін таппай жүрген мәселелерін де айтып өтті.

Жиын соңында алқа мүшелерінің пікірлері мен ұсыныстары қабылданып, басқарма басшысының орынбасары бас дәрігерлерге бірқатар тапсырмалар берді.

Б.БАТЫР.

Суретtengrinews.kz сайтынан алынды

http://syrboyi.kz/zedelnews/9073-yzmet-sapasy-saralandy.html

12-12-2016, 12:35
1 220 просмотров
Нашли ошибку?