» » МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ– ЗАМАН ТАЛАБЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ– ЗАМАН ТАЛАБЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ– ЗАМАН ТАЛАБЫДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Парижде өткен Жоғарғы деңгейдегі саяси форум мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыДенсаулық сақтау саласы бойынша комитетінің отырысына қатысты.

Жоғарыда аталған форумға 300-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында ЭЫДҰ қатысушы елдері мен дамушы елдердің денсаулық сақтау министрлері мен жоғарғы деңгейлі өкілдері, белгілі академиктер мен сауда одақтарының өкілдері болды.
Алексей Цой ЭЫДҰ Денсаулық сақтау саласы бойынша комитеті отырысының аясында өткен сессияда «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың ролін реформалау» атты баяндамасында қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінде арнайы еңбек нарығын құруға, оның ішінде кадрлық ресурстарды толтырудыңсапалы болжамын жасауға, орта және жоғарғы медициналық білімі бар мамандарды даярлау мәселелерін қайта қарастыруға, кәсіби білімнің сапасына қойылатын талапты арттыру қажеттілігі бар екенін атап айтты.
«Еңбек нарығы мен адам ресурстарын дамыту болжамы мен бақылауын тиімді жүргізу, Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауды жоспарлау мен басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу мақсатында денсаулық сақтау саласы кадрлық ресуртарын жоспарлау мен болжаудың тиімді әдістерін енгізу мен оны әзірлеумен айналысатын Кадрлық ресурстар обсерваториясы құрылды», – деп хабарлады Алексей Цой.
Сонымен бірге, вице-министр денсаулық сақтау саласы кадрлық әлеуетін жетілдіруге С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде ашылған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша (әрі қарай – МСАК) географиялық шалғайдағы кеңсесі де ықпал ететінін атап айтты.
«ДДСҰ МСАК бойынша географиялық шалғайдағы кеңсесі 53 ДДСҰ қатысушы-мемлекеттерді үйлестіретін Еуропалық аймақ пен Орталық Азиядағы БҰҰ-ның алғашқы ірі кеңсесі болып табылады. Оның ашылуы жергілікті кадрларды, сонымен қатар, ДДСҰбарлық Еуропалық аймақ мамандарын оқытуға, халықаралық санаттағы сарапшыларды шақыра отырып МСАК кадрларын қайта даярлау мен дайындауды жақсартуға мүмкіндік беретін болады», – деді ол.
Сонымен бірге, денсаулық сақтау жүйесі кадрлық әлеуетін тиімді пайдалану мен оны бақылау мақсатында барша кәсіби белсенді мамандарды қамтитын Денсаулық сақтау саласы кадрлық ресурстарының кәсіби регистрі құрылуда. Халықтың сұранысына сай жоғарғы сапалы, қолжетімді қызметтерді көрсете алмау қаупін төмендетуге, кадрлық ресурстарды басқару тиімділігін арттыруға негізделген Денсаулық сақтау саласы кадрлық ресурстарын басқарудың ұлттық корпоративтік саясаты әзірленді.
«Жаңа шарттар кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруді талап етеді. Сондықтан, Қазақстан еліміздегі медициналық ЖОО үшін әлемнің үздік 500 ЖОО қатарына кіретін АҚШ, Италия, Швеция, Польша университеттерін стратегиялық әріптестер ретінде шақырады», – деп мәлімдеді Алексей Цой.
Вице-министр шетелдік әріптестеріне Қазақстанда негізгіәлеуметтік мәні бар, елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 негізгі нозология (миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру) бойынша медициналық көмек көрсетудіңбіріктірілген үлгісі кезең кезеңімен енгізіліп жатқанын хабарлады.
Электрондық денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық және қазақстандық бірқатар стандарттарының негізінде Денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру менинтероперабелдік платформасы енгізілмек. Ол республиканың барша азаматтарының электронды денсаулық паспортын, денсаулық сақтау саласы қызметкері мен пациенттің жеке кабинетін, денсаулық сақтау саласы бірегей мәліметтер қорын енгізуге мүмкіндік береді.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

https://aikyn.kz/2017/01/19/1060.html

28-01-2017, 13:41
1 345 просмотров
Нашли ошибку?