Денсаулық саласының қызметі жақсардыӨңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ғалия Байменова өткен жылы салада атқарылған жұмыстары туралы баяндады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың айтуынша, негізгі жұмыстар «Денсаулық» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Өткен жылы салаға 32,9 млрд теңге бөлінген. Жалпы өлім-жітім себептерінің 52 пайызын құрайтын аурулардың 5 негізгі нозологиясы бойынша Жол картасы әзіәрленіп, бекітілген. Осының негізінде емханаларда жаңадан 89 мамандандырылған кабинет ашылған. –Өңірде кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында «Жоғары медициналық және фармацевтикалық мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған 3 жылдық перспективті жоспары» бекітілді. Кадрларды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін 60 млн теңге бөлінді. Сонымен бірге өткен жылы облыс үшін қажетті мамандарды резидентураға дайындау мақсатында облыс әкімінің гранты бөлінді. Қайта даярлау курсы бойына 135 қажетті маман оқытылды. Бұл осы жылы неанотолог, травматолог, онколог сияқты өте қажетті мамандардың тапшылығын жапты,– деді А.Әлназарова. Медициналық ұйымдар тарапынан халық санағы бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде медициналық ұйымдарға тіркелген азаматтар саны 27355 адамға көбейген. Осыған байланысты, скринингтік тексепруден өтетін адам саны 10 мыңға көбейген. Жалпы, есепті мерзімде скринингтік тексеруден өтуге жоспарланған халықтың 99,8 пайызы тексерумен қамтылып, анықталған аурулар саны 23,3 пайызға өсіп отыр. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің ауқымы кеңейіп, республикалық бюджеттен қосымша 1,5 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде жүрекке ашық ота жасау 42 пайызға, нейрохирургиялық операциялар саны 27 пайызға, буындарды эндопротездеу саны 2,5 есеге өскен. Ашылған офтальмохирургиялық орталыққа жергілікті бюджеттен 90 млн теңгеге жоғары диагностикалық құрал-жабдықтар алынып, 2015 жылмен салыстырғанда жасалған ота санының екі есе өсуіне мүмкіндік берген. Осындай атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы сәби өлім көрсеткіші 10,1 пайызды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға төмендеді. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 2015 жылмен салыстырғанда 13,3-ке төмендеген. Есепті кезеңде медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 232 арыз-шағым түскен, оның 192-сі қаралып, 13-і өз еркімен қайтарып алынған және 27-сі басқа мемлекеттік органдарға жолданған. Ал 2015 жылы 190 арыз-шағым түскен еді. Бұл туралы брифингте аталған департамент басшысының міндетін атқарушы Ғалия Байменова хабарлады. Өткен жылы денсаулық сақтау субъектілеріне барлығы 92 тексеру жүргізілсе, оның 59-ы, яғни, 64 пайызында бұзушылықтар анықталған. –Әдеттегідей, арыз-шағымдардың мазмұны сапасыз емдеу болып табылады. Сонымен қатар, өткен жыл ағымында МӘС-ке(медициналық әлеуметтік сараптама) негізсіз жолдау туралы ЕӘҚККД-нен 50 сұраныс хат түсіп, тиісті жұмыстар жасалды. Ең көп арыз-шағым акушерлік-гинекологиялық қызмет саласы бойынша тіркеліп отыр, яғни, 26 пайызын құрауда. 2015 жылмен салыстырғанда хирургиялық қызмет бойынша негізді арыз-шағымдар 5 есеге өсті, ал педиатриялық қызмет бойынша 2,5 есе азайды,– деді Ғ.Байменова. http://syrboyi.kz/zedelnews/9455-densauly-salasyny-yzmet-zhasardy.html |