ҚАЗАЛЫДА МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің
негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық топ Қазалы
ауданындағы халықпен жүздесуде. Топ құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы С.Байкенжеев, облыстық психоневрологиялық аурухананың бас дәрігері А.Медетбаев, Қызылорда қаласының №5 емханасының бас дәрігері С.Рысалдиев, облыстық наркология орталығының бас дәрігері Г.Нысанова, Қазалы аудандық ауруханасының бас дәрігері К.Әбілов, аудандық емхананың бас дәрігері Ғ.Баймаханов, аудандық аурухана дәрігерінің орынбасары Р.Қалуова бар. |