Бүгін
Қызылорда қаласында медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара
болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев денсаулық сақтау саласының
мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жоғары жетістіктерін
атап өтті.
-Атқарылған жұмыстың
нәтижесі көрсеткіштермен бағаланады. Өңірімізде өмір сүру ұзақтығы
71,9 жасқа жетті. Ана өлімі 86,6 пайызға, сәби өлімі 2,5 есеге төмендеді.
Жүрек-қан тамырлары ауруларымен науқастану мен өлімі 6 пайызға, қатерлі ісік
ауруларымен науқастану мен өлімі 8,4 пайызға, туберкулез 10,3 пайызға азайды.
Жасыратыны жоқ, осыдан бір-екі жыл бұрын республикалық көрсеткіштердің
алдыңғы орындарын бермей келдік. Қазір ана мен сәби өлімі көрсеткіштері бойынша
республикада 9 орынға тұрақтадық. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің ерен
еңбегінің арқасында жүздеген, тіпті мыңдаған жанның құтқарылғандығының
дәлелі, -деді аймақ басшысы.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев медицина
саласының ең үздік қызметкерлерін марапаттады.
https://kyzylorda-news.kz/news/lifnews/15614-yzylordada-medicina-yzmetkerler-kn-atalyp-tt.html