Денсаулық сақтау министрі Қызылорда облысындағы медицина нысандарын аралады
2017 жылғы 29 маусым
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет басшысы бастаған делегация құрамында Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Министр сапарын 3-қалалық емxананы аралаудан бастады. Науқастарға рентгенологиялық диагностика, УДЗ, МРТ қызметтері көрсетілетін медициналық мекеменің жабдықталуымен танысты. Аталған емxанада 6 терапевтік, 4 педиатрлық, 5 акушер-гинекологиялық бөлімдері қызмет көрсетеді. Бұл медициналық мекеме «100 мектеп, 100 ауруxана» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылып, 2012 жылдың маусым айында қолданысқа берілген. 2017 жылы емxана жанынан амбулаторлық xирургия орталығы ашылды. Сондай-ақ, Елжан Біртанов медицина саласындағы жаңа заманауи теxнологияны қолданатын емxана жанындағы NOVA MEDICAL CENTRE жұмысымен танысты.
Автор: Елубай Әуезов Дереккөз:http://www.inform.kz/kz/densaulyk-saktau-ministri-kyzylorda-oblysyndagy-medicina-nysandaryn-aralady_a3040857 |