2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-Қимыл жоспарыДенсаулық сақтау бойыншаОблыс азаматтарының денсаулығын одан әрі жақсарту мақсатында: Арал ауданының Арал қаласындағы 150 төсекке арналған орталық аудандық аурухана құрылысын аяқтау; Шиелі ауданы Шиелі кентінде 150 төсекке арналған орталық аудандық аурухана құрылысын жалғастыру; Қызылорда қаласындағы Облыстық перинаталды орталығы перзентханасы мен облыстық медицина орталығының ғимаратын күрделі жөндеуді жалғастыру; облыстық медициналық орталығы филиалы базасында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыратын Байқоңыр қаласында ұйым ашу; 7 фельдшерлік акушерлік пунктін сатып алуды қамтамасыз ету, оның ішінде Арал ауданы Жаңақұрылыс елді мекенінде – 1, Шиелі ауданы Ботабай елді мекенінде – 1, Қармақшы ауданы Қармақшы және Қуаңдария елді мекендерінде – 2, Жаңақорған ауданы Нәлібаев және Қожамберді елді мекендерінде – 2, Жалағаш ауданы Қаракеткен елді мекенінде – 1; 8 медициналық пункттер сатып алуды қамтамасыз ету, оның ішінде Арал ауданы Қосаман, Шөмішкөл, Сазды, Ақбай, Тастақ елді мекендерінде – 5, Жаңақорған ауданы Талап стансасында және Қандықұдық елді мекенінде – 2, Қызылорда қаласында Досан елді мекенінде – 1; 15 емдік амбулатория құрылысын бастау; облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын санитарлық және мамандандырылған автокөліктермен, медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау; аналар өлім-жітімі нысаналы көрсеткішін 2 пайызға, сәби өлім-жітімін 2 пайызға, қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткішін 3,7 пайызға, туберкулез ауруының көрсеткішін 2,5 пайызға және қатерлі ісік ауруларының көрсеткішін 0,1 пайызға төмендетуді қамтамасыз ету; барлық факторлар бойынша өлім-жітімнің төмендеуі арқылы өмір сүру ұзақтығын 72,2 жасқа дейін арттыруды қамтамасыз ету; кем дегенде 600 дәрігердің біліктілігін арттыру, бастапқы мамандандыру үшін – кемінде 100 дәрігердің және кем дегенде 1800 орта буын медицина қызметкерлері біліктілігін арттыру; сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін Оңтүстік Корея мен Ресей Федерациясының Қазан қаласына оқуға жолдама беруді қамтамасыз ету; Қызылорда облысындағы Республикалық балаларды оңалту орталығының филиалы «Талсуат» оңалту орталығының төсек орнын 10 төсекке кеңейтуді қамтамасыз ету; қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу жөніндегі облыстық бағдарламаның бекітілуін қамтамасыз ету; Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауында онкологиялық бөлімшесі және бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсекке арналған көпсалалы аурухананың құрылысын және Жалағаш ауданының Жалағаш кентіндегі 100 төсекке арналған аудандық аурухана құрылысын қаржыландыру мәселесін Денсаулық сақтау министрлігімен пысықтау. http://syrboyi.kz/akparat/17761-densauly-satau-boyynsha.html |