Мемлекет тарапынан кепілдік берілген медициналық қызметтер пакетін оңтайландыру қажет. Денсаулық саласындағы білікті сарапшы Серік Тәңірбергенов мұның себебін былайша түсіндіреді.
Жалпы, бұл туралы Қазақстанда тұратын әрбір адам білгені абзал. Оның үстіне, бұл мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған маңызды
тапсырмалардың бірі. Сөзім түсінікті
болу үшін мынадай мысал келтіре кетейін:
Үш адамнан құралғанқазақстандықотбасы осыдан 14 жыл бұрын қаланыңбір шетінен шағын ғана екі бөлмелі пәтер сатып алды
делік. Тіпті, сол кездің өзінде де бұл аса бір ұтымды дүние емес-ті. Дегенмен пәтерден пәтерге
көшіп, тапқаны пәтерақыдан артылмайтын отбасы мұны уақытша
баспана деп қабылдады. Болашақта ақша
жинап үлкенірек, жайлы пәтер сатып алуды жоспарлап қойды. Бірақ жыл артынан жыл өтіп, отбасы үлкейді.
Жалғыз ұл үйленіп, дүниеге немере келді. Енді екі бөлмелі шағын
пәтерде білдей үш буын өкілі
тұрады. Алтауының сұранысы да, қажеттіліктері де әртүрлі. Оның үстіне, талай жылдан бері жөндеу көрмегенүйдің тозығы
жетіп, жүйкені жұқартып тұрған жайы бар…
Біз бүгінде медицина саласындағы «мемлекеттік кепілдік пакеті» деп атап жүрген тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) төңірегіндеқалыптасқан ахуалды осы мысалмен салыстыруға болады. Бұл жерде «уақытша»
деп сатып алынған пәтер осы ТМККК пакеті болса, шағын пәтер
тұрғындары – соңғы кезде саны да, сұраныстары да едәуір
артқан Қазақстан
халқы. Оның мемлекеттен де күтері көп.
Үкімет қаулысымен
бекітілетін ТМККК-нің қазіргі форматы 2004 жылы жасалды. Кепілдендірілген
көмек тізімінде тегін медициналық көмектің барлықтүрлері мен формалары, қызмет көрсету
тәртібі және ақысы
мемлекет тарапынан төленбейтін қызметтердің де кейбір түрлері
атап көрсетілген.
Кәсіби тұрғыдан алып қарағанда, бұл құжат Қазақстанда
медициналық көмектіңкез-келген түрін тегін көрсетуге кепілдік берілгенін білдіреді. Құжат жыл сайын жаңартылып отырады. Бірақ ол жәй ғана косметикалық сипатқа ие. Тегін медициналық тексеру түрлері егжей-тегжейлі жазылғанымен, онда ауруханалар қызметін немесе жаңа технологияларды сипаттауда үлкен «кемшіліктер» бар. Шынында, асау қарқынмен дамитын медицина саласы үшін бұлқауіпті құбылыс. Салдарынан қағаз жүзінде қолжетімді
болып көрсетілген медициналық көмекке шын мәнінде қарапайым
халықтың қолы жетпей жүр, ал медицина ұйымына кіріп-шығу қиынның қиынына айналды…
Мұның себебі неде? Бұл тізім бекітілген 2004 жылдан бері көп нәрсеөзгерді. Қазіргі заманғы медицинаныңмүмкіндіктері де, елдегі сырқаттану құрылымы
да, пациент те өзгеше бүгінде. Өзгермеген
тек ТМККК құрылымы ғана.
Былайша
айтқанда, ТМККК пакеті технологиялық инфляцияға ұшырады. Он бес жылда дәрі-дәрмекқұралдарының да бірнеше буыны ауысып үлгерді. Мысалы, қазақстандықтардыңсүйікті антибиотиктері осыдан 10 жыл
бұрын сепсисті бірнеше күнде емдеп-жаза алатын болса, бүгінде тіпті, қарапайым деген инфекцияларға да шамасы жете бермейді. Себебі, инфекциялар дәрілік препараттарға төзімді болып алған. Қатерлі
ісікті емдеуге арналған таргеттік дәрілер пайда болды. Бұрын-соңды біз мұны армандауға да жүрексінетінбіз.
Лабораториялық диагностика толығымен автоматтандырылды. Қанды әйнекке
тамызып зерттеу әдісі бүгінде көп
жерде қолданылмайды, ал ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде жүктіәйелдің қолына 3D-видео берілетін болған.
Қазақстан
халқының саны 3 миллионға артып, 18 миллионға
жетті. Қарттар мен балалардың үлесі артты. Халықтың өмір жасы 6 жылға ұзарып, бұрынғыға қарағанда ұзағырақөмір сүре астадық. Бұрын өлім-жітімнің дені түрлі жарақаттар салдарынан болатын болса, бүгінде ол жалпы өлімге негіз болатын 3 түрлі себептің қатарынан шығарылды. Үштікте тек созылмалы аурулар ғана қалды.
Енді «екі бөлмелі пәтер тұрғындарының»
басым бөлігін қарттар мен балалар құрайды. Олардың медициналыққызметтерді де көбірек тұтынатыны
даусыз. Ал, кепілдендірілген көмекті
пайдаланушылардың жұмысқақабілетті бөлігі болса денсаулығын күтіп, профилактикалық тексерулерден өтуді әдетке айналдырмаған. Дегенмен рынок бір орында тұрмайды. Медицина индустриясы саласындағы жетістіктердің бір бөлігі жеке меншік клиникаларда пайда
бола бастады. Әрине, тегін емес, ақылы. Осыдан кейін «тұрғындар» өздерінің«екі бөлмелі пәтері» мен анда-санда көріп жүрген
«мәрмәр мен әйнектен
салынған еңселі тұрғын үйді»
салыстыра бастайды. Бұл — заңды құбылыс.
Бұл салада өзгермеген тағы бір нәрсе бар. Ол — Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы қаржы тапшылығы мәселесі.
Cебебі,
2010 жылдан бастап ұлт денсаулығына жұмсалатын
шығын тұрақты түрде қысқарып, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 3,4 пайызына дейін төмендеді. Ал, даму деңгейі бізбен бірдей елдер денсаулық сақтау
саласына ішкі жалпы өнімінің жоқдегенде 6,3 пайызын бөліп отырады. Ал, біздің елде салаға жұмсалатын мемлекеттік шығын үлесі
жылдан жылға төмендеуде. Есесіне, сіз бен біздің қалтамыздан шығатын жеке шығын көлемі жыл сайын артып отыр. Отандық экономикамыз тұралап тұрмаса да, денсаулық саласына салынатын инвестиция жағынан біз Африка елдерінің деңгейіндеміз.Өкінішті. Соған қарамастан
медицинамыздың Еуропадағыдай болғанынқалаймыз.
14
жыл ішінде Қазақстан дәрі-дәрмек, қосалқы материалдар мен медициналық қондырғылар импортына тәуелділіктен
арылған жоқ, ұлттық валютамыз да бірнеше мәрте девальвацияға ұшырады. Мемлекет тарапынан кепілдік
берілген медициналық қызметтердің көпшілігіне деген сұраныс төмен.
Барлығы 2 мыңға жуыққызметтің 300-іне ғана сұраныс жоғары. Бірақ соның өзі тиісінше қаржыландырылмайды. Жетілдірілген, жаңа қызмет түрлеріне көшудің орнына, бар ақша сұраныс
төмен әрі ескірген бес қызметке «жұғын» болып жатыр.
Осыны
ойласаң, медициналық қызмет рыногындағылардың(медициналық клиникалардың) кепілдендірілген көмектің(ТМККК) қазіргі тізіміне неліктен көңілі толмайтынын түсінесің. Өйткені, олардан болмайтын, өнбейтін іс талап етіледі. Яғни, қазіргі
талаптар бойынша медицина ұйымдары
осыдан 14 жыл бұрынғы бағаға, ескірген материалдармен «жаңаша» қызмет
көрсетуге міндетті. Өкінішке орай, асүйінде екі кісі айнала алмайтын ескі пәтерде отырып, өзіңді жаңа тұрғын үй
кешенінде отырғандай «сезіне» алмайсың.
Жалпы,
бұл мәселеніңөзектілігі соншалық, соңғы
кезде оған мемлекеттік деңгейде басымдық беріле бастады. Оған елбасының биылғы жолдауындағы «мемлекеттіңміндеттемелері нақтылап, кепілдендірілген тегін
медициналық көмек пакетінің жаңа нұсқасын әзірлеу» туралы тапсырмасы осы сөзіміздіңайғағы болса керек.
Бірақ бұл оңай шаруа емес. Кепілдендірілген көмек пакетін (ТМККК) қайта қарау
процесі тегін медициналық қызметтердің жаңа тізімін жасаумен ғана шектелмейді. Сайып келгенде, бұл этикаға,
басымдықтарды таңдау, техника мен қоғамдық консенсусқа келіп тірелетін мәселе. Енді осы мәселелердіқысқаша қарастырсақ.
ЭТИКАЖӘНЕ
БАСЫМДЫҚТАР
ТМККК
пакетін оңтайландыру қажеттігі даусыз. Бірақ осы жерде неден (қандай қызметтерден) бас тарту керек деген
сұрақтың басы қылтиятыны тағы рас. Меніңше,
оған жауап беру үшін қаншақаражат жұмсауға
мүмкіндігіміз бар және қаржыны
ең алдымен неге
бөлген дұрыс деген екі мәселені шешіп алуымыз керек. Себебі денсаулық сақтау
жүйесінің міндеті экономиканы орасан зор шығынға батыратын ауыр дерттердің белеңалуына жол бермеу және ауруларды мейлінше тиімді тәсілмен емдеу болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде
кепілдендірілген медициналықкөмек пакетін қалыптастыру процесі медициналық технологияларды бағамдау негізінде жүргізіледі. Мұны
медициналық технологияларды немесе дәрі-дәрмектердің тиімділігін дәлелдейтін, жаңа
дүниенің рынокта бар технологиялардан артықшылығын
анықтайтын мәліметтерді іздестіруге бағытталған
зерттеушілік қызмет десек қателеспейміз.
ТЕХНИКА
Қазіргі таңда кепілдендірілген көмек пакетініңшынайы көлемін медицинадан хабары бар,
денсаулық саласының маманы ғана
түсіне алады. Себебі ТМККК-нің негізгі мәселелері үкіметтің арнайы қаулысында
сипатталған. Одан қалғаны Денсаулық сақтау
министрлігінің көптеген құжаттарында
нақтыланған.
Өкінішке қарай,
мұндай құжаттар қарапайым
азаматтар үшін түсініксіздеу. Сол себепті, заң шығару
жүйесіндегі құжатты
бірнеше деңгейде жіктеу тәжірибесі бізге жарамайды. Оның үстіне, бұл құжатты А4 форматындағы 4 бетке де сыйдыра алмаймыз. Әлем елдерінде кепілдік берілген медициналық қызметтің барлықтүрлері мен оларды алу тәртібін тәптіштеп
түсіндіретін нақты құжаттар
дайындау тәжірибесі қолданылады. Меніңше, осы тәжірибеге ден қойғанымыз дұрыс. Өйткеніәр азамат өз құқықтары мен мемлекет міндеттемелерінің шегін түйсініп,
шекарасын ажырата білуі тиіс.
ҚОҒАМДЫҚ КОНСЕНСУС
ТМККК
пакеті — қоғамныңортақ игілігі. Сондықтан кепілдендірілген көмек пакетін оңтайландыру
мәселесі жалпақ жұртшылықтың талқысына түсуі
тиіс. Және жоғарыда аталған мәселелер бойынша қоғамдық бәтуаға қол жеткізуіміз қажет.
Ендеше,
ТМККК пакетін оңтайландыру дегеніміз қарапайым азаматтар үшін нені білдіреді?
Оңтайландыру нәтижесінде азаматтар кепілдендірілген тегін көмектіңжан-жақты түсіндірілген, заман талабы мен қоғам сұранысына қарай жаңартылған тізіміне қол жеткізбек. Бұл
жерде жұртшылыққа жеткізетін екі жаңалық бар. Бірі жағымсыз: ТМККК пакетіне бөлінетін қаржы
азайды, екіншісі — жақсы жаңалық:
аз болса да аталған қаржыға
тиімділігі дәлелденген дәрі-дәрмек
пен кешенді қызметтерді сатып алуға болады. Былайша айтқанда, «көрпеге қарай көсілген»
дұрыс. Яғни, бұл
жоғарыда айтылған «шағын
пәтерден» ескі-құсқыны шығарып тастап, қолда бар қаражатқа сай косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу керек деген сөз. Керемет күрделі
жөндеу жасалмаса да, арқадағы
жүктің едәуір
жеңілдері анық. Нәтижесінде
«пәтер тұрғындары» көршілермен бірігіп инженерлік желілерді жөндеу қажет пе, әлде, жаңаәрі кең пәтерге қаржы жинау қажет пе деген логикалық мәселенің дұрыс шешімін табады деп сенемін.
Бұл әлеуметтік медициналық сақтандыруға, ерікті медициналық сақтандыру мен елдегі медициналық қызметтер нарығын дамытуға қатысты мәселе болмақ.
Серік
ТӘҢІРБЕРГЕНОВ,
Денсаулық сақтау саласының сарапшысы, дәрігер,
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының стратегия жөніндегі істерінің басқарушы директоры
https://zhasalash.kz/6154/