Олар Қазалы теміржол ауруханасының екінші қабатында орналасқан. Қазіргі таңда бұл кабинет жоғарғы деңгейлі аппараттармен қамтылған: Компьютерлік томография-Neusoft-16, Neusoft-2, Флюрография-AKTUBROENTGEN Жеңіс аппараты, Рентген-РУМ-20М AGFA цифровой аппараты, Рентген-АРМАН, ота жасау бөлмесінде «С-дуга» аппараттарымен қамтылған.
Компютерлік томограф аппаратының мүмкіндігі: бас ми ағзаларының, оның ішінде жарақаттары, ісіктері, миға қан құйылу мөлшері 1 мм дейін, топографиялық орналсу аймағы анықталады. Көз, құлақ, мұрын қуыстарының науқастарын 100% анықтауға мүмкіндік береді. Ішкі ағзалардың ішінен өкпе, өңеш, жүрек, асқазан, бауыр, ұйқы безі, бүйрек, талақ, аш және тоқ ішектер, әйелдер және ерлер жыныс аурулары, буын және омыртқадағы өзгерістерді анықтайды. Бір ерекшелігі қатерлі ісіктердің жаңа басталған сатысында жәнеде метастаздарды 1 мм-ге дейін анықтауға мүмкіншілік береді.
Жоғарғы санатты дәрігер рентгенолог Дәрібай Ерболат Тәжібайұлы. Жұмыс өтілі - 40 жыл
Рентген лаборант Мыңболсын Нұрболат. Жұмыс өтілі - 14 жыл
Рентген лаборант Мералы Аралбай. Жұмыс өтілі - 5 жыл
Рентген лаборант Азиев Жадырасын.Жұмыс өтілі - 6 жыл
Рентген лаборант Тілеубай Биболат. Жұмыс өтілі - 4 жыл
Кт-Рентген кабинеті 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейді.
«Компьютерлік томограф» аппаратының мүмкіндіктері:
- мидың : оның ішінде ми жарақаттары, ісіктері, миға қан құйылу. Мөлшері 1 мм-ге дейін топографиялық орналасу аймағы анықталады;
- көз, құлақ, мұрын қуыстарының науқастарын 100% анықтауға мүмкіндік береді;
- ішкі ағзалар: оның ішінде өкпе, өңеш, жүрек, асказан, бауыр, ұйқы безі, бүйрек, талақ, ащы, тоқ ішектер, әйелдер және ерлер жыныс ауруларын анықтайды;
Бір ерекшелігі қатерлі ісіктерді жаңа басталған сатысында және метастаздарды анықтауға мүмкіндік береді.
Ауруханада УДТ және «С-дуга» рентгендиагностикалық кешені көмегімен оталар жасау енгізілді.