Физиотерапия бөлімі аурухананың екінші қабатында орналасқан. Бөлімшеде физиотерапевт- дәрігер Тәжібаев Ғалымжан Темірбекұлы, бірінші санатты медбике: Абжанова Аманкуль Абдинагиевна - физиотерапия медбикесі, медбике Досмамбетова Гүлнар Жақсылыққызы - бірінші санатты медбике, Мырзагазиева Алмаш Тастемірқызы - емдік дене шынықтыру (ЕДШ) бойынша бірінші санатты медбике, медбрат Кадирбаев Мұхит Қалиұлы - массажист, Болатов Қайрат Болатұлы –массажист, Андреади Елена Константиновна-массажист, жұмыс жасайды.
Физиотерапия бөлімшесінде тоқпен емдеуге, парафинмен емдеуге арналған жеке кабиналар, сондай-ақ массаж жасауға арналған жеке кабинет бар. Бөлімшеде әр түрлі аппараттар бар: соққылы - толқынды терапия, Тубус кварц, Биоптрон, УВЧ - "Стрела", Электрофорез, Экран-2, ультрадыбыстық терапия, Ультратон, "Серагем-Мастер" массаж керуеті, "Каскад-15" Парафинонагреватель, қолға арналған ауа-копрессионды Массажер, Аяққа арналған массажер, Вибромассажер Тяньши, Оттегі концентратор, Омыртқа созу керуеті.

