» Материалы за 18.09.2025

«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС Басқарма төрағасы

Ршымбетов Кубыл


1948 жылы 13 қарашада  Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қасқа-Құлан ауылында дүниеге келген. 
 1973 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітіріп шыққан. 
 1973 жылы Жамбыл теміржол ауруханасында бір жылдық интернатурадан өтті. 1986 жылы "Әлеуметтік гигиенаның өзекті мәселелері, емдеу – профилактикалық көмекті басқару және ұйымдастыру" тақырыбы бойынша қайта даярлаудан өтті. В 1987-1991 жылдары халық депутаттары кенттік Кеңесінің депутаты. 2003-2007 жылдары аудандық мәслихаттың депутаты. Шахмат Федерациясының Президенттері. Жоғары санатты Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушысы.
 1974 жылы Қызылорда теміржол ауруханасына жұмысқа орналасты. 1974-1977 жылдары осы ауруханада дәрігер-терапевт, қосымша инфекциялық бөлімінің меңгерушісі. 1988 жылы қосымша дәрігер иглорефлексотерапевт. 
 1977 жылдың қаңтар айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасына терапевт дәрігері, қосымша дәрігер инфекционист. 1979 жылы осы ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, 1994 жылдың тамызынан 1997 жылдың ақпанына дейін осы аурухананың бас дәрігері.
 1997 жылдың ақпан-қыркүйек айлары аралығында Қазалы орталықтандырылған аудандық ауруханасының бас дәрігері.
 1997 жылғы қыркүйектен бастап Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері, 2000 жылдан бастап директор, қазіргі уақытта 2025 жылдың ақпан айынан бастап аурухана басқарма төрағасы. 
 2007 жылы Астана қаласында өткен “Қазақстанның провизорлар мен дәрігерлердің ІІІ-съезіне”, 2011 жылы Гонконг қаласына тәжірибе алу үшін «медициналық мекемелерін басқару» мамандандырылған  іскер бағдарламасына, 2013 жылы Барселона қаласында Высшая школа Менеджмента в Барселоне Graduate Schoolof Managementin Barcelona мамандандырылған  іскер бағдарламасына, 2014 жылы  «Мировые тенденции здравоохранения. Опыт Индии»  көшпелі тәжірибиелік семинарына қатысты.
 Алған марапаттары:
 2001 жылы ҚР Президентінен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" мерейтойлық медалі.
 2004 жылы ҚР ДСМ "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісі.
 2005 жылы "Теміржолға 100 жыл" мерейтойлық медалі.
             2006 жылы "Аудандық деңгейде емдеу-диагностикалық жұмыстарға жаңа технологияларды белсенді енгізу" номинациясы бойынша Қызылорда облысының Денсаулық сақтау Департаментінің Дипломымен марапатталды.
             2006 жылы Қазалы ауданының әкімі денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды енгізгені және халыққа сапалы медициналық көмек көрсеткені үшін "Жыл дәрігері" номинациясымен марапатталды.
             В 2011 жылы ҚР Президентінен «20 лет независимости Республики Казахстан" мерекелік медаль.
 2012 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісі.
             2013 жылы "Үздік адамдар" Құрмет белгісі.
 2013 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Шапағат" медалі.
 2015 жылы ҚР Президентінің сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін ҚР Президентінің Алғысы.
 2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Еңбек ардагері" медалі.
 2015 жылы" Қызылорда облысының медицина қызметкерлері қауымдастығы Қоғамдық бірлестігінің «Сыр медицинасының үздігі» медалі.
 2016 жылы ҚР халқының өмірі мен денсаулығын сақтаудағы еңбегі үшін "Алтын дәрігер" белгісі.
 2016 жылы Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасы».
 2016 жылы Қазақстан Республикасының қоғамдық наградалар және атақтар жөніндегі комитетінің шешімі бойынша «Қазақстанның Құрметті азаматы» орденімен марапатталдым (ордендер беру туралы "Қоғамдық наградалар мен атақтар жөніндегі комитеттің" 17.12.2016 ж. № 1 шешімінен № 89 үзінді).
 2019 жылы Қазалы аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кеңесі  Көп жылғы қоғамға сіңірген еңбегі үшін «Қазалы ауданының «Құрметті ардагері» медалімен марапатталдым  (тіркеу №014 тамыз 2019)
 2019 жылы Қазалы аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымы «Көп жылғы қоғамға сіңірген еңбегі үшін» Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» медалімен марапатталдым.
 2019 жылы Қызылорда облыстық  ардагерлер Кеңесінің Алқа мәжілісінің қаулысы бойынша «Қызылорда облысының құрметті ардагері» медалімен марапатталдым. (тіркеу №029   01.10.2019ж).
 2020 жылы Тиімді басшылық, кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейі және кәсіпорынның табысты даму стратегиясын іске асырғаны үшін  «Кәсіби танылу» орденімен марапатталдым (куәлік №281 2020 жылғы 09 маусымдағы кәсіпорындар рейтингісінің қорытындысы бойынша ҚР-дағы Ұлттық бизнес рейтингін ұйымдастыру комитетінің шешімі)
 2020 жылы "Ұстаз жолы" қоғамдық қорының "Алғыс хаты".
 2021 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Құрмет грамотасы".
 2021 жылы Қазалы аудан әкімінің "Алғысы".
 Қызылорда облыс әкімінің "Алғысы".
 2022 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Алғыс хаты".
 2022 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халық аралық Қазақ творчествалық Бірлестігінен   «АТАТҮРІК» медалінің иегері (куәлік №020 23.06.2022).
 2022 жылы ҚР Президентінің "Алғыс хаты".
 2023 жылы Қызылорда облысының әкімінің және Қызылорда облыстық маслихат төрағасының атынан «Құрмет грамотасы».
 2023 жылы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кенесінің атынан «Құрмет белгісі» төс белгі.
 2023 жылы Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының атынан «Елеулі еңбегі үшін» медалі (19.04.2023 №25 п.33 атқару комитетінің қаулысы).
 2023 жылы Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазалы ауданының 95 жылдығына арналған мерейтойлық» медалі.
 2023 жылы Orda.kz баспа  үйінің   бас директорының "Алғыс хаты".
 2024 жылы ҚР «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының Қазақстанның «Құрметті дәрігері»төсбелгісі және І дәрежелі дипломы.
 2024 жылы 25 қазанда Республика күніне орай  ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» (16.10.2024 ж ҚР Президентінің жарлығы)   медалі.
 2025 жылы Жаңа Қазақстан Республикалық инновациялық орталығының Денсаулық сақтау саласын дамытуға және мінсіз қызметке қосқан елеулі үлесі үшін "Орталық Азия Денсаулық сақтау саласының үздігі" төсбелгісі.



 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
                                     

                                                                     


 
 

18-09-2025, 17:02

Қазалы теміржол ауруханасының Директоры

Ршымбет Ернар Маратұлы

1995 жылы 21 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген
2020 жылы Алматы «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ-да "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша бітірген. 
2022 жылы Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Менеджмент білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының МАГИСТРІ» дәрежесе берілді. 
2020 жылы өзінің еңбек жолын Қызылорда облыстық филиалының  денсаңулық сақтау жүйесін ақпараттандыру бөліміндегі ақпараттандыру секторының маманы.
2021 жылы ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚРМК Қызылорда облыстық филиалының денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру бөлімінің басшысы. 2022 жылы  ақпараттандыру секторының маманы.
2022 жылдың қазан айынан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ медициналық көмекті жоспарлау, орындауды талдау және болжау бөлімінің сарапшысы.
2025 жылдың ақпан айынан Қазалы теміржол ауруханасының директоры. 
2025 жылы 360 сағат "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша сертификаттау курсынан өтті. 

18-09-2025, 16:36

Бас дәрігер

Кулмагамбетова Айгуль Жанаристановна     1981 жылы 11 қазанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген
2004 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын бітірген, "Емдеу ісі" мамандығы бойынша.
2004-2005 жылдары Семей мемлекеттік медицина академиясында терапевт мамандығы бойынша бір жылдық интернатурадан өтті. 
2005 жылы өзінің еңбек жолын Қазалы теміржол ауруханасында дәрігер терапевт болып бастаған. 2011 жылы дәрігер кардиолог. 2017-2020 жыл аралығында терапевтік қызметтің меңгерушісі. 2021 жылдың маусым айынан аурухана бас дәрігері, қосымша дәрігер кардиолог қызметін атқарады. Бірінші санатты дәрігер кардиолог. 
2010 жылы "Кардиология" тақырыбы бойынша қайта даярлаудан өтті. 2025 жылы 360 сағат "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша сертификаттау курсынан өтті. 
Жұмыс барысында алған марапаты:
 2020 жылы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасы». 
2021 жылы Қазалы аудан әкімінің "Алғыс хаты". 
2024 жылы "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
 марапатталды.

18-09-2025, 16:20