Ақылы бөлімше

Ақылы бөліменің басты мақсаты - ауруханаға келген әрбір науқасқа сапалы әрі білікті мамандандарылған және заманауи технологиялар арқылы қызмет көрсету. Қазалы темір жол ауруханасының ақылы қызмет бөлімшесі   04.07.2007 жылдан бастап өз қызметін «Ақылы бөлімше» болып бастады. Пациенттерді стационарға емдеуге жатқызу тәулік ішінде жүргізіледі. Емдеуге жатқызу күні түскен уақытына қарамастан емдік-диагностикалық ем-шаралар тағайындалады және емдәмдік тамақтандыру ұйымдастырылады.

Ақылы  бөліме   3 қабатты ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан. Науқастардың қолайлы емделуі үшін 1 орындық стандартты 2 палата және 2 адамдық 4 палата бар. Олар себізгімен,  тазалық - торабымен,  теледидармен, тоңазытқышпен жабдықталған және барлық палатада  әжетхана орналастырылған, ыстық сумен жабдықталған. Барлық палаталар жарық, бөлмелердің бәріне пластикалық есік, терезелер орнатылып, едендері паркетпен жабылған.

Көк тамырға және бұлшық етке егу үшін ем қабылдау бөлмесі бар. Ол барлық қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен жабдықталған.
 Емдеудің ең бір негізгі құрылымы дұрыс емдік тамақтану болып табылады. Оны аурухананың кәсіби аспаздары дайындайды. Науқастар асты әдемі, жарық, таза асханада қабылдай алады. Асханада ыстық су үнемі үзіліссіз ағып тұрады. Онда науқастарға арналған  «Денсаулық дастарханы» деп аталатын диеталық тағамдар тақтасы бар.
 Қарыштап алға басқан медицина саласы білім жетілдіруді қатал талап етері сөзсіз. Ауруханада емделу кезінде қолайлы жағдайлар жасау, аурухана ғимаратындағы мінсіз тазалық пен тәртіп, дәрігерлердің мүлтіксіз  кәсібилігі, медициналық қызметкерлер тарапынан моралдық көмек пен мейірімді қарым-қатынасты барлық ақылы сервистік қызмет бөлімінде  емделген науқастар атап өтуде.
 Қиын жағдайға тап болған жағдайда адамдар көбінесе осы  ақылы қызмет бөлімшесінде ем қабылдауға тырысады. Себебі олар өздеріне стационарда ауруларын жеңіп шығатындай сапалы кепілдендірілген көмек көрсетілетініне сенімді.
 Емделушілерге қамқорлық көрсету — бұл үлкен құрмет және жауапкершілік. Өз денсаулықтарын ауруханамыздың кәсіби мамандарына сеніп тапсырып, мыңдаған адамдар күн сайын денінің саулығына, болашақтағы еңбек қабілеттігіне деген сеніммен өмір сүреді.

«Қазалы теміржол ауруханасы» ел талғамынан табылып жүрген іргелі мекеме. Нарықтың сынағынан сүрінбей өтіп, қалыптасуына бас дәрігердің сіңірген еңбегі ерекше. Ол «өзіне талап қоя білу, ұстамдылық пен мақсат қоюшылық – нағыз медициналық қызметкердің сапасын анықтайтын қасиеттер» - дейді. Мекеме табысының кепілі ұжымның жоғары кәсіби біліктілігі, қызметкерлер білімдерін жетілдіру, оның ішінде науқастарға деген мейірімділік пен қамқорлық қарым-қатынастың жасалуы екенін атап көрсетеді.
 Талмай ізденетін басшы өзгелерден де соны талап етеді. Ауруханадағы дәрігерлердің басым бөлігі жоғарғы  және бірінші санатты болуы сөзіміздің дәлелі.

Ақылы бөлімшеде: бірінші санатты невролог дәрігер Жиенкулов Талғат Алданұлы, бірінші санатты терапевт дәрігер Айжарикова  Бақыт Шалғынбайқызы, бірінші санатты невролог дәрігер Өтеулі Шолпан Қарақұлқызы, бірінші санатты  хирург-уролог дәрігер Жасанов  Ерболат Ермекбайұлы, үшінші санатты терапевт дәрігер Қайырбаева Маржан Жарекқызы және Сайрамбек Айшолпан Сайрамбекқызы жұмыс істейді. 

Бес медбике,олардың ішінде жоғары санатты медбике Мусаева Хадиша Абди-Камаловна, Абильдаева Баян, бірінші санатты медбике Өтеп Мақпал, Жұбатқанова Рауза, екінші санатты медбике Сәрсенбай Жұлдызай, үшінші санатты медбике Ауезханова Асылзат сынды орта буынды  қызметкерлер қызмет атқарады.

Бөлімшеде терапиялық бейін бойынша жүрек-қан тамырлар ауруларын, асқазан, жүйке ауруларын жоспарлы емдеу, алдын-алу шаралары жүргізіледі.

Аурухана заманауи технологиялармен, оның ішінде УДЗ кабинеті, компьтерлік томография, ФГДС, рентген кабинеттерімен жабдықталған. Ақылы бөлімеге келген науқастар өз диагноздарына сәйкес физиотерапевтік кабинетте массаж, кедр бөшкесі, емдік ванна, парафин, т.б. токпен әсер ету және массаж түрлерін қабылдай алады.

8-01-2021, 16:11

Плазмаферез

ПлазмаферезПлазмаферез жасау үшін Ресей елінен 2006 жылы шығарылған "Гемофеникс” аппараты қолданылады. Бөлме аурухананың ІІ –ші қабатындаа орналасқан. Бұл қан тазартатын аппарат.
 
Плазмаферез арқылы көптеген ауруларды емдеп, көмек көрсетуге болады. Оның ішінде:
1. Тері қабатының аурулары: псориаз, аллергиялық аурулар, дәріге, шаңға, тамақтарға аллергия, түрлі аллергиялар.
2. Қан тамырлары, жүрек аурулары жүректің ишемиялық кеселі ЖИК-ИБС, артериалды гипертензия, жүрек инфаркті.
3. Тыныс жүйесінің аурулары: бронхиалды астма, өкпе қабынуының ауыр түрлері.
4. Ас қорыту жүйесінің аурулары: бауыр, ішек қабынуы, ұйқы безінің қабынуы.
5. Бүйрек аурулары.
6. Қан аурулары.
7. Әр түрлі уланулар.
8. Екі қабат кезіндегі токсикоз, улану, жатырдың іріңді септикалық қабынулары.
9. Эндокринды кеселдер.
10. Жұқпалы аурулар – сепсис, гепатит.
ПлазмаферезПлазмаферез жабдығымен жұмыс жасайтын дәрігер-трансфузиолог Ерболат Ермекбаевич Жасанов. Ол тиісті оқу орнында оқып, осы сала бойынша біліктілігін жетілдірілген, маман куәлігі бар.


10-09-2014, 23:34

Гемодиализ бөлімшесі

Гемодиализ бөлімшесі Бұл бөлімше аурухананың бірінші қабатында орналасқан. Оның ішінде "Formula TM ” аппаратының саны – 5 дана.
Бұл бөлімшеде Арал, Қазалы, Сексеуіл, Төретам станциясы тұрғындары расындағы науқастарға қызмет жасалады. Қазіргі таңда барлығы 14 науқас, күнара ем алуда. Гемодиализ алуға көрсетілімі - жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі немесе тапшылығы.
Гемодиализ бөлімшесі Бөлімшеде дәрігер Е.Е.Жасанов және 2 медбике – Ж. Укумова, У. Адиева жұмыс жасайды. Барлығы І санатты медицина қызметкерлері, гемодиализден арнайы оқу оқып, маман сертификатын алған.
Гемодиализ бөлімі "Ren medical” ЖШС компаниясына қарасты.
Қазалы теміржол ауруханасындағы гемодиализ бөлімшесі – соның бір филиалы болып есептеледі. 5 төсектік бөлімше, 1 ауысымда 5 науқас қабылданады.
Гемодиализ бөлімшесі Толық мағлұматты аурухана сайтындағы контакт деректері арқылы хабарласып біле аласыздар.
 
 
Гемодиализ бөлімшесі
11-07-2014, 19:37

Барокамера

БарокамераДәрігері - Жасулан Серикович Қуанышбаев. 
2007 жылдан бастап, ауруханада барокамера бөлмесі ашылды, ақылы бөлімнің ішінде І – қабатта орналасқан.
Онда бір орындық барокамера ОКА-мт халыққа қызмет көрсетеді.
Бұл салада қызмет көрсетіп жүрген мамандар: дәрігер – Жасулан Серикович Куанышбаев, инженер - Берик Аниятуллаевич Сахиев, мейіркеш - Жулдызай Бекболатовна Далиева. Аты аталған мамандар барокамераны пайдалану қыр-сырын оқып, арнайы дайындықтан өткендер.
БарокамераБарокамера арқылы көптеген ауруларды емдеп, көмек көрсетуге болады. Оның ішінде:
1. Әр түрлі улану кезінде.
2. Жүрек, қан тамыр ауруы кезінде.
3. Өкпенің созылмалы қабынуларында.
4. Асқазан – ішек аурулары кезінде.
5. Бауыр ауруларында.
6. Орталық нерв жүйесі ауруларында.
7. Көз ауруларында.
8. Эндокриндік аурулар кезінде.
9. Хирургия саласында (ұзақ жазылмай жүрген жарақаттарда).
10. Екі қабат кезіндегі патологиялық жағдайларда.
БарокамераБарокамера – оттегімен емдейтін әдіс.
Бұл әдіс тек ірі қалаларда, облыс орталықтарында қолданылады. Аудан жағдайында алысқа ақша шығындамай, тиімді көмек түрін пайдаланыңыз.    




11-07-2014, 19:24

Емдік ванна қабылдау бөлмелері

Емдік ванна қабылдау бөлмелеріЕмдік ванналар аурухананың төменгі қабатында орналасқан. Осы бөлімде мейіркеш - Алмаш Тастемірқызы Мырзағазиева арнайы оқып маман куәлігін (сертификатын) алған және тазалықшы - Айна Шынжанова жұмыс жасайды.
Сумен емдеу бөлімінде 4 ванна, 3 себізгі кабинасы, 2 джакузи орналасқан.  Іші таза, жарық, демалатын, сусын ішетін орны бар. Ерлерге және әйелдерге арнайы жеке бөлмелер қарастырылған.
Әр түрлі емдік шөптер мен тұздардың түрлері бар: қылқанжапырак, шатыраш, қалақай, жасмин, түймедақ, итошаған, йод-бромды, теңіз тұзы. Олардың қабынуға қарсы, тыныштандыратын және сергітетін әсері бар, ұйқыны жақсартады, шаршағанды басады, жүйкенің асқан қозуын түсіреді.
Теріні жақсартып, оның тонусын көтеріп, қартаю үрдісінің алдын алады. Аяқты бұлау, «тырнақты нығайту үшін» бұлау түрінде және остеохондроз, артроз бен артриттердің алдын алуға, бойдағы салқынға, буын ауруларына тигізер пайдасы мол.
Емдік ванна қабылдау бөлмелеріЙодты-бромды ванна – бром жүйке жүйесіне пайдалы, йод әр түрлі қабынуға қарсы, йод пен бром қалқанша безінің жұмысын жақсартады, липидтік айналымды күшейтеді. Сондықтан бұл емді қалқанша безінің ауруларына және жүрек ауруларына пайдаланады. Сонымен қатар бұл емді пайдалану бүйрек, бауыр, талақ, қан айналымын жақсартады.
Емдік ванна қабылдау бөлмелеріСамырсын ваннасы – бұл жүйке ауруларына, жүрек қан тамырларына пайдалы. Жалпы адамның көңіл – күйіне жақсы әсер береді. Теңіз тұзы – жүйке жүйесіне жақсы әсері бар және шеткі (перифериялық) қан айналымын жақсартады.

12-06-2014, 00:38