Серік АДАЕВ
1954 жылы туған. 1976 жылы Актөбе мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірді.
1976-1977 жылы Қызылорда облыстық ауруханасында интернатурадан өтті.
1977-1981 жылға дейін Қазалы теміржол ауруханасында аймақтық балалар дәрігері, 1981-1989 жыл аралығында балалар консультациясының меңгерушісі,
1990 жылдан бастап невропатолог, 1994-1997 жылға дейін бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары, 1997-2018 жж директордың емхана жөніндегі орынбасары.
2018 ж директордың медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары.
Волгоград, Ташкент, Алматы қалаларында бірнеше рет өз саласы білімін жетілдірген.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төсбелгісінің иегері, денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша 1-ші санатты дәрігер.