Тегін медициналық көмектің жаңа қағидалары күшіне ендіТегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жаңа қағидалар күшіне енді. Осылайша, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімі жаңа шарттармен толықты. Дәрінің қауіпсіздігі мен сапасы фармакологиялық-экономикалық талдау негізінде бағалануы тиіс. Сонымен қатар қазақстандық дәрігерлермен ұсынылған емдеу хаттамаларына енгізілуге міндетті. Бұл елімізде өршіп тұрған сырқат түрлерін азайту мақсатында қолға алынған бастама. Бұдан бөлек препарат қазақстандық ұлттық формулярға енгізіліп, мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. Айта кетер жайт, бұл үдеріс толығымен он-лайн тәртіпте жүзеге асатын болады. Осы мәселелер Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында талқыланды. Арнұр Нұртаев, ҰДЗСО бас директорының бірінші орынбасары: - Цифрландыру жүйесіне көшуге байланысты бұл үдерістің барлығы онлайн тәртіпте тіркеліп, толығымен электронды түрде жүзеге асады. Өтініш білдірушілер Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығына келіп, құжаттар өткізуге уақыт жұмсамайды.Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/227730-tegin-meditsinaly-k-mekti-zha-a-a-idalary-k-shine-endi |