Апаттар медицинасы – бұл оның міндетіне төтенше жағдайларда (зардап шегушілер немесе ауырғандар саны өте көп пайда болғанда) медициналық көмек көрсетуді (тіпті оның маманданған түріне дейін) ұйымдастыру болып табылатын медицина аумағы.
Мұндай жағдайда әдетте
"бір дәрігер – бір науқас” практикасы болып келетін медицина саласынан өзге көбіне
"бір дәрігер – көптеген науқастар” жағдайы туындайды.
Төтенше жағдай деп соның нәтижесінде екі немесе одан да көп адам қайтыс болған немесе үш әлде одан да көп адам зардап шеккен/ауырған және ауыр хәлде болған тұтқиылдан болған оқиға айтылады.
Сондай-ақ "медицинадағы төтенше жағдай” деген ұғым да бар. Бұл кезде денсаулық сақтау органдары (әр түрлі деңгейдегі) – зардап шегушілер тасқынына төтеп бере алмайтын жағдай.
Осыларды ескере отырып «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның филиалы – Қазалы темір жол ауруханасы әрқашан төтенше жағдайда лайықты медициналық көмек көрсету (оның ішінде маманданған, білікті және жоғары технологияны қолданатын) бағытта ұдайы ізденісте жүреді.
Оны осы сайттағы жаңалықтардан, аурухананың жеке сала қызметтері туралы деректерден біле аласыздар.
Сонымен бірге аурухана мамандарынан өз біліктілігін арттыру, жұмыстарында жаңалықтар енгізу ұдайы талап етіледі. Біздің аурухананың қызметін пайдаланыңыздар, өкінбейсіздер.
Құбыл РШЫМБЕТОВ,
«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ-ның филиалы –
Қазалы темір жол ауруханасының директоры
Сурет today.kz сайтынан алынды